Бүгінгі таңда Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті (ҚазҰМУ) – денсаулық сақтаудың барлық бағыттары бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің барлық деңгейінде мамандар дайындайтын республикадағы ең ірі медициналық университет.
ҚазҰМУ-де 6 мектеп пен 2 факультет бар:
2021 жылы студенттердің жалпы саны 11 485 студентті құрайды, оның ішінде әлемнің 21 елінен келген 1 633 шетелдік студенттер.
ҚазҰМУ қызметі академиялық, ғылыми-зерттеу және клиникалық қызметтің үйлесімін қамтамасыз ететін бірыңғай академиялық денсаулық сақтау ортасының негізгі принципіне сәйкес келетін халыққа сапалы және заманауи медициналық көмек көрсету мен кәсіби кадрларды даярлау мақсатында ғылыми-зерттеу қызметін, клиникалық практиканы және оқу процесін біріктіруге және дамытуға негізделген.
Әсел Хасенова
С. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дегі AccelEd жобасының үйлестірушісі, ЖП2.4 үйлестірушісі
Экономика ғылымдарының магистрі, Х.Досмұхамедов атындағы Қоғамдық денсаулық сақтау мектебі деканының м.а.
Нұриля Ахметқалиева
ЖП2.4-те зерттеуші
Мейіргер ісі бойынша медицина ғылымдарының магистры, Мейіргер ісі кафедрасының оқытушысы.
Жансая Қорғасбекова
ЖП2.4-те зерттеуші
JAMK Қолданбалы Ғылымдар Университетінің (Финляндия) және KazMUNO (Қазақстан) екі дипломды бірлескен озық мейіргерлік тәжірибе бағдарламасының магистрі, Мейіргер ісі кафедрасының оқытушысы.
Мақпал Ибадулла
ЖП2.4-те зерттеуші
Қоғамдық денсаулық сақтау бойынша медицина ғылымдарының магистрі, Мейіргер ісі кафедрасының оқытушысы.