Мейіргер ісі саласындағы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру стандарттарына қарамастан, Қазақстанда мейіргерлік ғылым мен зерттеулердің әлеуетін жеткілікті сапалы деңгейде қалыптастыратын құрылымдар, саясат және жүйелер құру қажеттілігі туындайды. Сондықтан, орынды және тұрақты саяси іс-шаралар қабылдау үшін денсаулық сақтау министрлігі мен білім және ғылым министрлігінің жобаларға белсенді қатыслары маңызды. Мемлекеттік мекеменің жобаға белсенді қатысуын қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі мен Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі консорциумға шақырылды, сондықтан олар AccelEd жобасының толық серіктестері және тікелей мақсатты топтары болып саналады. Бұл министрліктер мейіргер ісі саласындағы ғылымға, зерттеулерге және Қазақстанда мейіргер ісі желісін дамытуға қолдау көрсетуге ниет білдірді, өйткені қажеттіліктерді талдау бойынша семинар барысында мейіргерлердің беделіне және мейіргер ісінің дамуына байланысты проблемалардың шешілу керектігі туралы ойлармен олар келіскен болатын. Медициналық университеттерге стандарттарды белгілеуде, өзгертулерді енгізуде және оқу бағдарламаларының сапасын қамтамасыз етуде БҒМ маңызды рөл атқарады.
AccelEd жобасы жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім және ғылым саласында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі белгілеген келесі стратегиялық міндеттерді шешеді:
– Қазақстандағы жоғары білім сапасының білім беру саласындағы ең жақсы әлемдік тәжірибеге сәйкестігі;
– Қазақстандық ғалымдардың ірі халықаралық ғылыми жобаларға қатысуы;
– Халықаралық стандарттарға сәйкес жоғары білікті ғылыми кадрларды даярлаудың тиімді жүйесін енгізу.