Мейіргер ісі саласындағы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру стандарттарына қарамастан, Қазақстанда мейіргерлік ғылым мен зерттеулердің әлеуетін жеткілікті сапалы деңгейде қалыптастыратын құрылымдар, саясат және жүйелер құру қажеттілігі туындайды. Сондықтан, орынды және тұрақты саяси іс-шаралар қабылдау үшін денсаулық сақтау министрлігі мен білім және ғылым министрлігінің жобаларға белсенді қатыслары маңызды. Мемлекеттік мекеменің жобаға белсенді қатысуын қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі мен Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі консорциумға шақырылды, сондықтан олар AccelEd жобасының толық серіктестері және тікелей мақсатты топтары болып саналады. Бұл министрліктер мейіргер ісі саласындағы ғылымға, зерттеулерге және Қазақстанда мейіргер ісі желісін дамытуға қолдау көрсетуге ниет білдірді, өйткені қажеттіліктерді талдау бойынша семинар барысында мейіргерлердің беделіне және мейіргер ісінің дамуына байланысты проблемалардың шешілу керектігі туралы ойлармен олар келіскен болатын.
ҚР ДСМ денсаулық сақтау жүйесі мен қызметтерінің сапа стандарттарын, соның ішінде адам ресурстарына қойылатын талаптарды белгілеуге жауапты. AccelEd Министрліктің міндеттерінің бірін шешеді. Білім, ғылым жүйесін жетілдіру және инновацияларды енгізу – министрліктің стратегиялық жоспарында белгіленген мақсаттардың бірі, оның ішіндегі міндеттердің бірі:
– мамандарды шетелде біліктілікті арттыру курстарында оқыту;
– медициналық білімнің институционалды және мамандандырылған аккредиттеу стандарттарын әзірлеу.