Литва денсаулық ғылымдары университеті (LSMU) – Литвадағы ғылымды, зерттеулер мен клиникалық практиканы сәтті үйлестірген биомедициналық ғылымдар саласындағы ең ірі жоғары оқу орны. LSMU екі негізгі академиядан тұрады: Медициналық академия мен Ветеринарлық академия.
Медицина, одонтология және мейіргер ісі бойынша оқитын 8000-ға жуық студент Балтық жағалауындағы ең ірі медициналық мекеме болып табылатын LSMU Kauno Klinikos ауруханасында практикалық дағдыларға ие болады. 2,200 -ден астам дәрігерлер мен резиденттер 2,400 медициналық қызметкерлермен қатар LSMU ауруханасында жыл сайын 90,000 -нан астам науқасты емдейді.
Фармация студенттері практикалық дағдыларды университеттік дәріханада алады, ол халыққа қызмет етуге ғана емес, сонымен қатар фармацевтикалық факультеттің негізгі оқу орнына айналуға арналған. Ветеринар болғысы келетін студенттер ветеринария академиясындағы ірі және ұсақ жануарларға арналған клиникаларда практикалық дағдыларды меңгереді.
Сайты: lsmuni.lt
Юрате Мацияускене
Жоба үйлестірушісі
Профессор, Мейіргер ісі факультетінің деканы. Гериатрия кафедрасының профессоры. Сенат Төрағасы. PhD мейігерлік бағдарлама комитетінің төрайымы. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мейіргерлік білім мен тәжірибе жөніндегі серіктестік орталығының директоры. ДДҰ консультативтік тобының мүшесі.
Живиле Кепежинскене
Жоба менеджері
LSMU Халықаралық қатынастар және оқыту орталығының халықаралық бағдарламаларының үйлестірушісі. Басты міндеттері: Erasmus+ қызметкерлерінің ұтқырлығы, шетелдік оқытушыларға арналған стипендиялық бағдарламалар, халықаралық ынтымақтастық жобаларын әзірлеу, стратегиялық ынтымақтастық.
Энрика Моркене
Жобаның әкімшілік қызметкері
LSMU медициналық академиясы мейіргер ісі факультеті деканатының меңгерушісі.
Аурелия Блажевичене
Жобаның бас зерттеушісі
LSMU Мейіргер ісі және күтім кафедрасының профессоры, Литвада акушерия мамандығы бойынша бакалавриат деңгейінде білім берудің бірінші бағдарламасын, Балтық жағалауындағы мейіргер ісінің алдыңғы қатарлы практикасы бойынша бірінші магистрлік бағдарламасын дайындаған және іске қосқан жұмыс топтарының мүшесі. Мейіргер ісі, мейіргер ісінің көшбасшылығы және мейіргерлік іс тәжірибесі бойынша оқу комитетінің бағдарлама төрағасы. Литва Денсаулық сақтау министрлігінде және Fulbright Alliumni бағдарламасында Литвалық мейіргерлерге арналған құқықтық құжаттарды дайындауға қатысушы.
Ольга Рикликене
Жоба зерттеушісі
LSMU мейіргер ісі кафедрасының профессоры, барлық үш деңгейдегі білім алушылардың оқытушысы, сарапшы, халықаралық жобалардың зерттеушісі және жетекшісі, көптеген ғылыми жарияланымдардың авторы, кәсіби кітаптарды шығаруға қатысушы, ғылыми конгрестер мен конференцияларда баяндамашы.
Юргита Гулбинене
Жоба зерттеушісі
PhD, LSMU мейіргер ісінің дәріскері. Ғылыми қызығушылығы пациенттерді оқыту, денсаулықты жақсарту және хирургия. Ішкі аурулар және хирургия бөлімшелерінде мейіргер ретінде 6 жыл жұмыс тәжірибесі, стома терапиясының мейіргері ісі бойынша жұмыстық практика. Мейіргер ісі бойынша оқытушы ретінде 18 жылдық еңбек өтілі.