AccelEd – “Қазақстанның жоғары білім беру жүйесінде магистратура және докторантура деңгейінде мейіргерлік білімді жетілдіру” жобасы шеңберінде 2022 жылғы 19-20 мамырда “Қазақстандағы мейіргерлік білім, зерттеулер және тәжірибе: мейіргер ісінің болашағына инвестициялар” атты кезекті халықаралық конференциясы өтті.
Конференция қатысушыларына құттықтау сөз сөйледі:
Надыров Камалжан Талғатұлы, “Астана медицина университеті” КеАҚ басқарма төрағасы-ректор; Дудник Вячеслав Юрьевич, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі; Ханса Клуге, ДДҰ Еуропалық өңірлік бюросының директоры; Маргриета Лангинс, ДДҰ Еуропалық өңірлік бюросының мейіргер ісі және акушерия саласындағы саясат жөніндегі кеңесшісі; Памела Сиприано, Халықаралық мейіргерлер кеңесінің президенті; Нарбекова Бану Мукатаевна, AccelED жобасының серіктесі, Білім және ғылым министрлігінің жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті директорының орынбасары.
Конференцияны университет ректоры Надыров Камалжан Талғатұлы Қазақстандағы мейіргер ісін дамытудағы міндеттердің маңыздылығын атап өте отырып, құттықтау сөзін сөйлеп ашты.
Конференция қатысушыларының алдында мейіргер ісін дамыту қажеттілігін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық өңірлік бюросының басшысы Ханс Клуге атап өтті. Оның айтуынша, мейіргерлер қоғамға көмек пен сапалы күтім жасау арқылы, әсіресе мейіргерлердің халықтың осал топтарымен (қарттар, балалар, жүкті әйелдер) және Ковид 19-бен күресу кезеңінде белсенді қызмет көрсету арқылы қосқан көмегі денсаулық сақтау саласына айтарлықтай үлес қосқанын айтты. Сонымен қатар, кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру және цифрлық оқытуды әзірлеу мен өткізудің маңыздылығын атап өтті.
Тағы бір мәселе – кадрлардың жетіспеушілігі болып табылады, бұл факт көптеген елдерде мейіргер ісі мен акушерлік білім беру түлектерінің саны өте аз екендігімен байланыстырылады.
Сондай-ақ, 2020 жылғы пандемия кезінде жарияланған есепте мейіргер ісінің айтарлықтай жетіспеушілігі көрсетілді.
Конференция қорытындысы бойынша осы қарарды қабылдаймыз және қажет деп санаймыз: (презентацияны жіберді).