Erasmus+ AccelEd жобасы аясында Қарағанды медициналық университетінің «Мейірбике ғылымы» және «Қоғамдық денсаулық сақтау» білім беру бағдарламаларының PhD докторанттары Садуева Феруза Хайдаралиевна мен Меерманова Инеш Бериковна Финляндияның JAMK Қолданбалы ғылымдар университетінде ғылыми тағылымдамадан өтуде. Тағылымдама 04.03.2022 – 20.05.2022 аралығында өтеді.
Тағылымдама мақсаты Еуропадағы жаңа педагогикалық әдістерді және мейіргер ісін дамытудың әртүрлі түрлерін және ғылыми жобаларды зерттеу болады. Сондай-ақ, студенттер академиялық мамандарға және жүргізіліп жатқан ғылыми-педагогикалық қызметке көмектеседі.
Бұл тағылымдама жеке пән ретінде мейіргер ісі саласындағы зерттеулердің сапасын арттыруға көмектесетінін атап өткен жөн.
Докторанттарға сәттілік және тағылымдама жемісті өтуін тілейміз!