Дөңгелек үстелдің мақсаты Қазақстанның жоғары білім беру жүйесінде бакалавриат, магистратура және PhD докторантура деңгейлерінде мейіргерлерді даярлау мәселелері, мейіргерлік тәжірибенің клиникалық негіздерімен өзара әрекеттесуінің өзектілігі мен артықшылықтары, мейіргерлерді жалпы ғылыми зерттеулерге және Қазақстандағы мейіргер ісі ғылымының дамуына тарту.
Дөңгелек үстелге Назарбаев Университетінің Медицина мектебінің өкілдері, Астана қаласы бойынша Денсаулық сақтау басқармасының мейіргер ісі бойынша штаттан тыс маманы, бас мейіргерлер (аурухана, МСАК), медициналық колледждердің, жоғары медициналық колледждердің, медициналық институттардың қауымдастықтарының, Республиканың «Мейіргер ісі» ассоциациясының өкілдері және университеттің «Мейіргер ісі» мектебі мен кафедраның өкілдері қатысты.
Университеттің ғылыми жұмыстар және стратегиялық даму жөніндегі проректоры В.В. Қойков дөңгелек үстелде құттықтау сөз сөйледі.
Дөңгелек үстелге қатысушылар мейіргерлердің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі, ProInCa, AccelEd «Жоғары білім беру жүйесіндегі магистратура және PhD докторантура деңгейінде мейіргер ісін жетілдіру» халықаралық жобаларына қатысу, мейіргер ісі бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу, мейіргерлердің nursekz.com электронды платформасын пайдалану бойынша, т.б. баяндамаларды тыңдады.
Дөңгелек үстел отырысы сұрақ-жауап сессиясы форматында өтті. Кездесу барысында қатысушылар Республикадағы мейіргер ісінің мәселелерін көтеріп, пікір алмасып, ой бөлісті. Отырыстың қорытындысы бойынша резолюция қабылданып, білім, ғылым және тәжірибе арасындағы байланыстар мен ынтымақтастықты нығайту бойынша ұсыныстарды талқылау.