Докторанттарды Финляндияның Йювяскуля қаласындата ғылымдамадан сәтті өтуімен құттықтаймыз.
Тағылымдама нәтижелері:
Докторанттар электронды постер қорғау форматында өткен бакалавриат студенттеріне емтихан тапсыру тәртібімен танысты. Докторанттар Jamk Қолданбалы ғылымдар университетінде жүзеге асырылып жатқан жобалардың қызметімен танысты;
Маман Аннина Кангас-Ниеми TarMu жобасын, маман СианХэ – Genedu жобасын таныстырды. Тағылымдама аясында олар Jamk магистранттардың тапсырмаларымен жобалау жұмыстарын бағалауға қатысты. Jamk жобалық жұмысының қазіргі бағыттары тәжірибеде және педагогикада цифрландыруды дамыту болып табылады.
Меерманова Инеш және Садуева Феруза қойған барлық міндеттерді орындап, баға жетпес тәжірибе жинақтағандары туралы өз пікірлерімен бөлісті. Ұйымдастырушылармен үйлестірушілерге мүмкіндік бергені үшін алғыс айтқыларымыз келеді. МерияКалима және Ханна Хопияға тағылымдамадан өту кезінде көрсеткен көмегімен қолдауы үшін ерекше алғыс айтамыз.