Біз сіздерді 2021 жылғы 4 мамырда ZOOM платформасында онлайн түрде өтетін «Медициналық ұйымдар мен жоғары оқу орындары арасындағы мейіргер ісіндегі ынтымақтастықтың үздік тәжірибелері» онлайн-семинарына шақыруға қуаныштымыз.
Онлайн-семинардың мақсаты – жобаның серіктес университеттерімен жоба аясында сәуір айында жүргізілген электронды бенчмаркинг кезінде анықталған озық тәжірибелермен алмасу және таныстыру. Жобаның тағы бір мақсаты – алдын ала ұсыныстар беру, сонымен қатар оларды Қазақстанда қалай бейімдеу мен қолдану керектігін талқылау және анықтау.
Қатысушылар: жоба шеңберінде электронды бенчмаркингті талқылауға қатысқан практикалық денсаулық сақтау және Қазақстан мен Еуропаның медициналық университеттерінің сарапшылары, қолданбалы және академиялық бакалавриат, магистратура мен PhD докторантура деңгейіндегі мейіргерлерді, сонымен қатар жергілікті және аймақтық мейіргер жетекшілерін (ауруханалар мен емханалардың бас мейіргерлері, олардың орынбасарлары) дайындауға жауапты медициналық жоғары оқу орындары факультеттерінің/кафедраларының басшылығы мен қызметкерлері.
Ұйымдастырушылар: Қарағанды медицина университеті және JAMK қолданбалы ғылымдар университеті. Қатысушылар тізімін 2021 жылдың 30 сәуіріне дейін kuanysh@kgmu.kz электронды поштасына жіберу керек.
Уақыты:
14:00 Нұр-Сұлтан (Қазақстан), 18:00 дейін
11:00 Хельсинки (Финляндия) мен Каунас (Литва) 15:00-ге дейін
10:00 Амстердам (Нидерланды) 14:00-ге дейін
Zoom кездесуге қосылу сілтемесі: https://jamk.zoom.us/j/62417727481?pwd=VDhQUDdrclRkQ0E5V3ZsWWQ0WXk2Zz09
Кездесу нөмірі: 624 1772 7481
Кіру коды: 548756
Алдын ала бағдарлама мен қатысушылардың үлгі тізімі мына жерде: https://drive.google.com/file/d/1l6n3bHrwanchy98Xn0fQPUq9-OqYjUNV/view?usp=sharing
Байланыс үшін: Аннина Кангас-Ниеми, JAMK Қолданбалы ғылымдар университетінің денсаулық және әлеуметтік зерттеулер мектебінің маманы, Annina.Kangas-Niemi@jamk.fi
Жұлдыз Қуаныш, Қарағанды медицина университетінің қоғаммен байланыс жөніндегі маманы, kuanysh@kgmu.kz, +77058283096
Құрметпен,
AccelEd командасы