2021 жылғы 14-16 қазан аралығында бүкіл әлемде Erasmus+ күндері өтеді. Іс-шараның шеңберінде қазірдің өзінде 4000-нан астам шара тіркелген. Бұл іс-шараға университетіміз де қатысады. Осыған байланысты Астана медицина университеті «Erasmus + бағдарламасы аясында мейіргер ісін жетілдіру жолдары» атты дөңгелек үстел өткізуді жоспарлап отыр.
Барлық «Мейіргер ісі» мамандығының студенттері мен магистранттары, «Мейіргерлік ғылым» мамандығының докторанттары мен мейіргер ісі кафедраларының оқытушы-профессорлары шақырылады.
Дөңгелек үстелдің мақсаты – елдегі мейіргер ісінің дамуының заманауи мүмкіндіктерін талқылау және Қазақстандағы жоғары білім беру жүйесінде мейіргерлік білім беруді магистратура мен докторантурада жетілдіруге бағытталған AccelEd жобасын таныстыру.
Өткізілетін күні: 2021 ж. 14 қазан, сағат 14:00.
Өткізілетін орны: Қазақстан, Нұр-Сұлтан қ., Бейбітшілік көшесі 49А, «Астана медицина университеті» КЕАҚ, 415-аудитория.
Іс-шараға онлайн қосылу үшін ақпарат:
https://amu4.webex.com/amu4-ru/j.php?MTID=mfeccb8e968b41a89c23e5c9791e2aefe
Бейсенбі, 14 қазан, 2021 14:00 | 2 сағат | (UTC+06:00) Астана
Кездесу нөмірі: 2519 642 4750
Құпия код: 334477