Бүгін, 2021 жылғы 6 сәуірде, практикалық денсаулық сақтау мекемелерімен мейіргер ісіндегі ынтымақтастықтың қазіргі тәжірибелері туралы Астана медицина университетімен е-бенчмаркинг аясында талқылау басталды. Іс-шара JAMK қолданбалы ғылымдар университеті мен Қарағанды медициналық университетінің қолдауымен AccelEd жобасы аясында ұйымдастырылды.
АстМУ өкілдері өздерінің ұйымындағы ынтымақтастық процесінің ұйымдастырушылық құрылымымен және блок-схемаларымен қысқаша таныстырды.
Естеріңізге салсақ, осы талқылау сессияларынан кейін 2021 жылғы 4 мамырда Хельсинки уақытымен сағат 11:00-ден 15:00-ге дейін Zoom-да онлайн-семинар және воркшоп өткізіледі.