Бүгін Қазақстанда ғылым күні атап өтілуде. Бұл күн біздің елімізде ғылым саласының қалыптасуының бастауында тұрған тұлғаның туған күнімен байланысты. Ол – академик Қаныш Сәтпаев, ҚазКСР Ғылым академиясының алғашқы президенті. Қ. Сәтпаев бүкіл өмірін өзінің туған Республикасында ғылымның дамуына арнады.
Қазақстанның мейіргерлік ғылымының дамуына қатысып жатқан AccelEd жобасындағы әріптестерімізді мерекемен құттықтаймыз! Осы жобаны іске асырудағы үлестеріңіз бен еңбектеріңіз үшін барлығыңызға алғыс айтамыз!