2021 жылы 12 мамырда «Астана медицина университеті» КЕАҚ-та Халықаралық мейіргерлер күніне орайластырылған «Мейіргер ісінің дамуы: жетістіктер мен қиындықтар» атты халықаралық онлайн-конференция өтті. Конференцияның басты мақсаты – озық тәжірибелер мен біліммен бөлісу. Бұл конференция мейіргер ісінің ғылыми және практикалық саласындағы маңызды оқиға болып табылады.
Конференцияға 150-ден астам медициналық колледждердің, Қазақстан, Литва мен Финляндия университеттерінің, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің және «Парыз» мейіргер ісінің мамандары» РПО өкілдері қатысты.
Конференция бағдарламасы аясында біздің «AccelEd» жобасының қатысушылары мейіргер ісінің мамандары ретінде сөйледі:
– Johanna Heikkilä, PhD докторы, JAMK Қолданбалы ғылымдар университетінің аға кеңесшісі, Финляндия, презентациясы: «ProInCa жобасының әсері және медициналық университеттердің мейіргер ісіндегі инновациялық әлеуетін қалай сақтау керек».
– Jurate Macijauskiene, м.ғ.д., гериатрия кафедрасының PhD профессоры және Литва денсаулық сақтау ғылымдары университетінің мейіргер ісі деканы Каунас, Литва, презентациясы: «AccelEd жобасы – Қазақстанда мейіргерлік зерттеулердің дамуы туралы ақпараттық құрал ретінде».
Бүгінгі күні мейіргерісінің даму тенденциясы қазіргі денсаулық сақтау жүйесіндегі мейіргердің рөлін айтарлықтай арттырады. Қазіргі уақытта ғылыми көзқарас пен дәлелді тәжірибеге негізделген мейіргер ісінің теориялары мейіргерді нормативтік құжаттамада көрсетілген мейіргерлік күтімді тәуелсіз шешетін, жоспарлайтын және жеткізетін дәрігердің тең серіктесі ретінде көрсетеді. Дәрігер – мейіргер серіктестігі емделушіге медициналық көмек көрсететін дәрігер мен мейіргерден тұрады, денсаулық сақтаудың барлық деңгейлерінде медициналық көмектің сапасын жоғарылату үшін медицина қызметкерлерінің көпкәсібі тобының құрамында жұмыс істейді. Сондықтан қазіргі уақытта бүкіл әлем бойынша мейіргер мамандары тек негізгі техникалық және кәсіптік білім деңгейінде ғана емес, сонымен қатар мейіргер ісі бойынша бакалавриат, магистратура мен докторантура шеңберінде дайындалып жатыр.
Студент жастарымыздың бұл мамандыққа деген қызығушылығы жыл сайын артып келеді. Әрине, бұл біздің елде жүргізіліп жатқан ауқымды реформалардың арқасында.
Конференция мейіргер ісі саласындағы маңызды оқиға болып табылады, ол ғылыми мейіргерлік зерттеулер процесін жетілдіруге ықпал ететіні, әрі қарай жемісті еңбек етуге ынталандыратыны сөзсіз.