«Мейіргер ісі» мамандығы бойынша магистратураның бірінші курс студенттері AccelED жобасы бойынша Қазақстандық екі университеттен LSMU-ға ОҚМА-дан Ибрагимова К., Кенесбек Д. және ҚазҰМУ-дан Серік М., Абдирасил Ж. тағылымдамаға келді.
⠀
LSMU-да студенттер мейіргер ісі бойынша бакалавриат студенттеріне арналған әртүрлі дәрістерге, семинарларға және практикалық сабақтарға қатысады. Магистратура студенттері оқытудың жаңа педагогикалық әдістерімен танысты.
⠀
КазҰМУ студенттері LSMU халықаралық студенттеріне арналған «Геронтологияға кіріспе» тақырыбында дәріс оқыды.