Аталған мастер-класс Қазақстанның медицина университеттерінде мейіргер ісі бойынша магистрлік және PhD докторлық диссертацияларды бағалауды жақсарту бойынша төмендегі үш негізгі бағыттарды біріктіріп, қорытындылап, бекітуге бағытталған.
Олар атап айтқанда:
а) бағалау критерийлері;
б) бағалау процедуралары бойынша нұсқаулықтары;
в) әдістемелік нұсқаулар, яғни мейіргер ісі бойынша магистрлік және PhD докторлық диссертацияларды бағалау бойынша Ғылыми комитеттерін құру.
Мастер-класқа серіктес қазақстандық және еуропалық университеттерінен 33 қатысушылар, ғылыми қызметкерлер, студенттер мен мейіргер ісі саласындағы сарапшылар қатысты. Магистрлік және PhD диссертацияларын бағалау критерийлері мен процедуралары бойынша әдістемелік нұсқаулар, сонымен қатар Ғылыми комитеттерінің құрамы белгіленді.
Жобаның серіктес университетері мастер-класс нәтижелерін енгізу мен таратудың болашақ жоспарын талқылап, сонымен қатар Қазақстандық қатысушылар өз университеттерінде мастер-класс нәтижелерін енгізу жоспарларымен бөлісті.