Курстың алғашқы күні ұйымдастырушылар қатысушыларға мейіргер ісі мен күтім теориясы саласындағы өз білімдерін бағалауды ұсынды. Өзін-өзі бағалау 0-ден 10-ға дейінгі шкала бойынша жүргізілді. Нәтижесінде қатысушылар өздерінің мейіргер ісі теориясы бойынша білімін төмен деп бағалады, яғни орташа есеппен қарағанда 3,8 шкала аралығында. Өзін-өзі бағалау 1-ден 7-ге дейінгі көрсеткіштер шамасында болды.
Сонымен қатар, қатысушылар осы оқыту курсына дейінгі мейіргер ісі теориялары туралы өз білімдерімен бөлісті:
– Мен мейіргер ісінің әртүрлі теориялары туралы білетінмін … алайда тәжірибем жоқ … қазір менде тек үстіртін білім …
– Мейіргер ісі теориясының әдістерін оқыту тәжірибесі болды, бірақ оларды практикада қолдану тәжірибесі болмады. Мен бұл теориялармен таныспын, тек оларды қолдану мүмкіндігі болмады…
– Мейіргер ісі мамандық ретінде өзінің мейіргер ісі тәжірибесі мен мейіргер ғылымы үшін маңызды теңдесі жоқ білім көлемін мойындатуға тырысады. Ғылым ретінде мейіргер ісі – мейіргер ісі дегеніміз не, мейірлердің негізгі функциясы мен мақсаты деген сұрақтарға жауап беретін теорияға негізделген. Мейіргер ісі-бұл жалпы медицинадан бөлек, медициналық көмек көрсетуге негізделген өзіндік терең білім қоры бар бірегей пән.