«Қазақстандағы жоғары білім жүйесінде Магистратура мен PhD докторантура деңгейінде мейіргер ісін жетілдіру – AccelEd» жобасы Қазақстанның жоғары білім беру жүйесінде мейіргерлік ғылым мен зерттеулерді реформалау, денсаулық сақтаудағы басқару, менеджмент және осы саланың жұмыс жасауын жаңартуға бағытталған.
AccelEd аясындағы модернизация басқару, жоспарлау, қызмет көрсетуді жақсарту, интернационалдандыру және мейіргерлік білімнің магистратурада және докторантурада көбірек қабылдануын, мейіргер ісі бойынша үздіксіз білім алудың дамуына ықпал етуді білдіреді. Құрылымдық жоба ретінде AccelEd іс-шаралардың тұрақтылығын қамтамасыз ету және оларды Қазақстан Республикасының келешектегі операциялық жоспарларына енгізу үшін денсаулық сақтау және білім беруге жауапты министрліктердің көмегімен жүзеге асырылады.
AccelEd жобасының мақсаттары мен міндеттері жоғары мейіргерлік білімге байланысты проблемалар мен қиындықтарға және жобаның мақсатты топтарының нақты қажеттіліктеріне негізделген. Ұлттық, жергілікті және халықаралық мүдделі тараптардың кең ауқымы, оның ішінде академиялық персонал мен саясаткерлер, жоба ұсынысының техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге қатысты, осылайша мақсаттар мен міндеттердің орындалуы және Қазақстандағы ұлттық контекстке сәйкес келуі қамтамасыз етілді.
Сонымен, магистратура деңгейінде мейіргерлік білімді нығайту, сондай-ақ саясат, заңнамалық база мен институционалдық құрылымдарды өзгерту арқылы Қазақстанда мейіргерлік ғылым бойыншы докторантураны құру және жүзеге асыру жобасының жалпы мақсаты Қазақстан Республикасының стратегиялық мүдделеріне сәйкес келеді және мейіргерлік біліммен, ғылыми зерттеулермен және клиникалық практикамен айналысатын мамандардың қажеттіліктерін қанағаттандырады.
Іске асыру мерзімі: 2021-2023 жылдар. Ары қарай оқу
Ғылыми басылымдар