Erasmus+ AccelEd жобасы аясында Қарағанды медицина университетінің докторанттары үшін Финляндияның Jamk қолданбалы ғылымдар университетінде ғылыми тағылымдамадан өтуі басталды.
Тағылымдама Jamk қолданбалы ғылымдар университетінің сарапшылары – маман Liisa Tolonen және аға оқытушы Hanna Hopia бағыт-бағдар беру кездесулері мен тағылымдаманың мақсаты мен міндеттерімен танысудан басталды. Сонымен қатар, студенттер информатик Arja Kunnela-мен өздерінің іздеу стратегияларын талқылап және мәліметтер базасының мүмкіндіктерімен танысты.
Сонымен қатар, тағылымдама аясында «Мейіргерлік ғылым», «Қоғамдық денсаулық сақтау» білім беру бағдарламасының докторанттары Серикова Салтанат пен Қуаныш Жұлдыз семинарлар мен сарапшылармен кездесулерге қатысып, өз зерттеулерін кең аудиторияға ұсынуға бірегей мүмкіндік алды. Бұл өз саласындағы әріптестер мен сарапшылардан кері байланыс алудың тамаша мүмкіндігі.