«Мейіргерлік күтім теориясының мәні мен дамуы» курсы Астана медицина университетінің, Қарағанды медицина университетінің, С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің, Назарбаев университетінің медицина мектебі мен Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясының қатысуымен ұйымдастырылған.
Өткізілетін күндері: 2021 жылғы 21-23 маусым және 20-21 қыркүйек.
Курстың мақсаты – мейіргер ісі мен пациенттерге күтім жасаудың қазіргі теорияларын түсінуді және сыни тұрғыдан бағалауды үйрену, мейіргер ісі студенттеріне теорияларды үйрету және әр түрлі клиникалық салаларда мейіргер ісінің қазіргі теорияларын қолдану.
Тренингтің бағыттары:
• мейіргер ісінің қазіргі теорияларын әзірлеу (әр түрлі парадигмалар);
• әр түрлі теорияларды зерттеу (үлкен, орта және практикалық теориялар);
• теорияларды сыни бағалау;
• мейіргерлік білім беру педагогикасы және мейіргер ісі теорияларын PhD мейіргер ғылымы білім алушыларына түсіндіру;
• теорияларды клиникалық мейіргерлік практикаға және денсаулық сақтауға енгізу.
Бұл курс сіздерге 10 ECTS (Еуропалық кредиттік аударымдар мен жинақтау жүйесі) береді, бұл қатысушының 250-300 сағаттық жұмысына тең (әдебиетті оқу, алдын ала тапсырмаларды жазу, барлық бес оқу күніне қатысу, курстық тапсырмаларды жазу). Курс аяқталғаннан кейін AccelEd жобасының сертификаты беріледі.
Курстың сарапшылары – үш еуропалық университеттің мейіргерлері мен аға ғылыми қызметкерлері (Abo Akademi университеті мен Финляндияның JAMK қолданбалы ғылымдар университеті, Литва денсаулық ғылымдары университеті).
Байланысатын тұлға: lisbeth.fagerstom@abo.fi.
Тіркелу: 2021 жылғы 16 сәуіріге дейін stina.wallin@abo.fi.
Тіркелу кезінде толық аты-жөніңізді, жынысыңызды, жасыңызды, атағыңызды (факультет, әкімшілік қызметкерлер, ғылыми емес қызметкерлер, білім алушы), дәрежеңізді, университетіңізді, байланыс ақпаратын (электрондық пошта мен телефон нөмірі) көрсетуіңіз керек.
Курстың бағдарламасы: https://drive.google.com/file/d/1PtIBmUThknMCC3QlPrTS8thSHN48BEJH/view?usp=sharing