Erasmus+ AccelEd жобасы аясында С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ «Мейіргер ғылымы» докторантурасының PhD студенті Исенова Балдай Калимулиновна, Алматы қ. және Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы «Медицина» докторантурасының PhD студенттері Ходжакулова Умида Абдывалыевна және Дана Әуезханқызы, Шымкент қ., Литва денсаулық ғылымдары университетінде LSMU, Литва, Каунас қаласында ғылыми тағылымдамадан өтуде. Ғылыми тағылымдама 03.10.2022 ж. бастап 18.11.2022 ж. дейін өтеді.
*
Ғылыми тағылымдаманың мақсаты: докторанттардың одан әрі оқыту үшін құзыреттіліктерін дамытуға қызығушылығын арттыру, Қазақстан Республикасында мейіргер ісін оқыту және зерттеу үшін құзыреттіліктерін дамыту.
*
Ғылыми тағылымдама барысында докторанттар Еуропадағы мейіргерісін дамытудың жаңа педагогикалық әдістері мен түрлі жолдарын және зерттеу жобаларын зерттеп жатыр. Ғылыми тағылымдама бағдарламасында оқыту және қадағалау сабақтарына, PhD семинарларына, дәрістерге, зерттеу жобалары бойынша кеңестерге қатысу, дәрістер кезінде оқытушыларға көмек көрсету, ағымдағы өзекті зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жобалармен айналысатын жергілікті денсаулық сақтау ұйымдарына танысу сапарлары, университеттегі зерттеушілермен және сыртқы серіктестермен жұмыс жоспарланған. PhD lокторанттар LSMU университеттік кітапханасына және қажетті ғылыми ақпаратты өз бетінше іздейтін мәліметтер базасына қол жеткізе алады.
*
PhD докторанттарға сәттілік пен жемісті ғылыми тағылымдама тілейміз!