2021 жылғы 19 наурызда Астана медицина университетінің коворкинг орталығында «Эразмус + отбасына қош келдіңіз» консультациялық сессиясы оффлайн режимінде өткізілді.
Іс-шараға Қазақстандағы Эразмус + Ұлттық кеңсесі директоры, сессия модераторы, Тасболатова Шайзада Умурзаковна мен Нұр-Сұлтан қаласы бойынша VI байқау жобаларының қатысушылары: Назарбаев Университеті, С. С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті және Астана медицина университеті өкілдері қатысты.
Сессия барысында модератор Шайзада Умурзаковна Эразмус + ЖББА жобаларын іске асырудың тиімділігін арттыру мақсатында жиналғандарды жобаларды іске асырудың жалпы ережелері мен тиісті құралдарымен таныстырды.
Сессияға қатысушылар өз кезегінде оқуға деген жоғары қызығушылық танытып, «брейн сторминг» практикалық жаттығуларына белсенді қатысты.
Іс-шара соңында келесі халықаралық жобаларды дамыту бойынша жұмыстарды қорытындылау және талқылау болды:
– Шығыс Еуропа – Орталық Азия аймағында жаһандық денсаулық сақтау саласындағы академиялық әлеуетті дамыту BACE;
– Қазақстандағы жоғары білім беру жүйесінде магистратура және PhD докторантура деңгейінде мейіргер ісін жетілдіру AccelEd;
– «Қалдықтарды басқару» магистрлік бағдарламасын әзірлеу және енгізу арқылы серіктес елдерде айналмалы экономиканы дамыту.