Бірінші жартыжылдықтың қорытынды іс-шарасы Або Академи Университеті мен Астана медицина университетінің ұйымдастырған «Мейіргер ісі теориясының мазмұны мен дамуы» атты онлайн оқу курс болды. Оған Қазақстанның жеті медициналық университетінен 26 PhD докторанттар мен магистранттар, сонымен қатар мейіргер ісі саласындағы ЖОО оқытушылары қатысты.
«Біз мейіргер ісінде, білім беруде және клиникалық практикада қолданылатын бірқатар теориялар мен модельдерді зерттедік. Теорияларды үйрету және ғылыми зерттеулерде қолданылатын мейіргерлік теорияларды бағалауды үйрендік. Әрине, теориялардың маңыздылығы жоғары екенін айта аламыз! Мейіргер ісіне деген көзқарасымыз өзгерді», – деп оқу курсы бойынша тыңдаушылар өз пікірлерін қалдырған болатын.