Сәлеметсіздер ме, қымбатты достар!
AccelEd жобамыз бірінші жартыжылдығын сәтті аяқтады. Осы алты ай ішінде жоба аясында маңызды іс-шаралар орын алды. Біздің серіктестер ұйымдастырған онлайн-курстардың, мастер-класстардың және семинарлардың көмегімен магистранттар мен докторанттар, оқытушылар өздерінің жұмыстары туралы білімдері мен ғылыми қабілеттерін ұштай алды.
Көптеген маңызды іс-шараларды ЖП2.3 – JAMK қолданбалы ғылымдар университеті және Қарағанды медицина университетінің мүшелері ұйымдастырды. Олардың айтуынша, осы уақыт ішінде біраз жұмыс атқарылды! Біріншіден, олар мейіргерлік білім берудегі магистратура мен докторантураға назар аудара отырып, университеттер мен денсаулық сақтау ұйымдары арасындағы ынтымақтастықтың үздік еуропалық тәжірибесін талдады. Бұған дейін олар ғылыми және денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықтың көптеген халықаралық тәжірибелерін анықтаған әдеби шолу жасады. Сондай-ақ, қазақстандық медициналық университеттер мен аймақтық денсаулық сақтау мекемелері арасындағы мейіргерлік зерттеулер саласындағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайын талданды. Бенчмаркинг туралы соңғы семинардан кейін ынтымақтастық бойынша ұсыныстар жасалып, олардың қазақстандық қоғамға бейімділігі талқыланды.
Екіншіден, ЖП2.3 Қазақстанның медициналық жоғары оқу орындарының 25 оқытушыларына және 6 PhD докторанттарына арналған JBI кешенді жүйелік шолу бағдарламасын (CSRTP) ұйымдастырды. Оқу аяқталғаннан соң олар Қазақстандағы денсаулық сақтау саласындағы шешімдерді және клиникалық ұсыныстарды қабылдау мақсатында неғұрлым сенімді дәлелдер жүргізу дағдылары мен білімдерін игере алды.
Үлкен жұмыс үшін ЖП2.3-ке үлкен алғыс айтамыз! Жобаның келесі кезеңдерінде командаға сәттілік пен жемісті жұмыс тілейміз!