Жоба мүшелері өз жұмыстарын белсенді түрде жалғастыруда. Егер өткен аптада 9 маусымға дейін созылатын мейіргерлік ғылымдағы теорияларға жүйелі шолу бойынша онлайн-курс басталған болса, ендігі іс-шара – 11 мамырда өткізілетін «Мейіргер ісі факультеттерінің жұмысын басқарудағы озық халықаралық тәжірибені салыстыру, PhD білім беру бағдарламаларын ұйымдастырудағы және магистратура мен PhD докторлық диссертацияларды бағалаудағы ынтымақтастық» атты мастер-класс. Мастер-класс 2.4 жұмыс пакетінің тапсырмаларының бөлігі болып табылады. Мастер-класс 11 мамырда, 14 мамырда, 19 мамырда, 26 мамырда және 1 маусымда онлайн режимінде өткізіледі.
Мастер-классқа мейіргер ісі факультеттерінің декандары мен басшылары, AccelEd жобасының серіктестері, министрліктердің өкілдері қатысады.
Іс-шара университеттердің мейіргерлік білім беру бағдарламасын басқарудағы озық тәжірибелерді салыстыру үшін жиналған мәліметтерін талдауға негізделген. Нәтижесінде мейіргерлік факультеттерге Қазақстандағы аймақтық және ұлттық деңгейлердегі қажетті құрылымдық өзгерістерге қатысты оңтайлы ұсыныстар жасалады, олар әрі қарай Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен Білім және ғылым министрлігіне ұсынылады.