2021 жылдың 6-10 желтоқсан аралығында Қарағанды медицина университетінде «Мейіргер ісін дамытудағы сервистік-дизайн тәсілі» атты мастер класс өтті.
Мастер-класстың мақсаты – инновациялар мен әртүрлі серіктестер арасындағы ынтымақтастықты тудыратын процестерді, жұмыс тәсілдерін, әдістер мен өзара әрекеттесулерді құру және ұйымдастыру бойынша қатысушылардың білімі мен дағдыларын арттыру.
Мастер-классты салтанатты түрде «Қарағанды медициналық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасының міндетін атқарушы, стратегиялық даму және ғылым жөніндегі проректоры Турмухамбетова Анар Ақылбековна және JAMK қолданбалы ғылымдар университетінің аға эдвайзері, PhD (мейіргер ісі), Финляндия Йоханна Хейккиля сәлемдесуімен ашты.
Мастер класс аясында қатысушылар сервистік дизайн әдісін үйренді, сонымен қатар мысалдар мен құралдарды пайдалана отырып, осы әдісті тәжірибеде қолдануды үйренді. Мәліметтерді жинау және қызметтерді пайдаланушылармен, яғни емделушілермен жұмыс «ҚМУ» КеАҚ Қоғамдық денсаулық сақтау және кәсіби денсаулық институтында және «ҚМУ» КеАҚ Медициналық университетінің клиникасында жұмыс жүргізілді.
Шеберлік сабағына тек мейіргер ісі оқытушылары ғана емес, сонымен қатар мейіргер ісі саласының өкілдері, сондай-ақ Қазақстанның медициналық жоғары оқу орындарының магистранттары мен докторанттары қатысты.