Бүгін 4 мамырда «Мейіргерлік іс бойынша медициналық ұйымдар мен университеттер арасындағы ынтымақтастықтың озық тәжірибелері» онлайн-семинары өткізілді. Оған Қазақстан мен Еуропаның медициналық жоғары оқу орындары, сондай-ақ практикалық денсаулық сақтау өкілдері қатысты. Семинар аясында Қарағанды медициналық университетінен Инеш Меерманова академиялық және денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық арқылы дәлелді мейіргерлікті (EBN) насихаттаудың халықаралық озық тәжірибелерін – әдеби шолуды, ұсынды. Содан кейін электронды бенчамаркинг талқылаудың бір бөлігі ретінде Еуропа және Қазақстан университеттері мейіргер ісіндегі ынтымақтастықтың үздік тәжірибелерін ұсынылды.
Университеттер мен денсаулық сақтау салалары арасындағы ынтымақтастық құрылымдары мен процестері туралы алдын-ала ұсыныстарды JAMK қолданбалы ғылымдар университетінен Аннина Кангас-Ниеми және Қарағанды медицина университетінен, Қазақстан, Феруза Садуева жасады. Сессия бөлмелеріндегі жұмыс шеңберінде Қазақстан жағдайында ынтымақтастық тәжірибесі бойынша алдын-ала ұсыныстардың қолданылу мүмкіндігі талқыланды.