14 мамырда «Мейіргер ісі факультеттерінің жұмысын басқару, PhD білім беру бағдарламаларын ұйымдастырудағы ынтымақтастық, магистратура мен PhD диссертацияларының жұмысын бағалау бойынша халықаралық тәжірибені салыстыру» мастер-классының екінші кездесуі өткізілді.
Қазақстандық медициналық жоғары оқу орындары, атап айтқанда Астана медицина университетінің, Қарағанды медицина университетінің, Назарбаев Университеті Медицина мектебінің, Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясының мейіргер ісі факультеттері басқару құрылымы, штаттық кестесі және қаржысы туралы қызықты баяндамалар жасады.
Біздің шетелдік серіктестеріміз LSMU, ABO, JAMK, UMCU мейіргер ісіндегі тәжірибенің құнды үлгісімен бөлісті, мейіргерлік факультеттердің басқару жүйесі мен құрылымын жетілдіру бойынша өз ұсыныстары мен идеяларын берді.
Бүгінгі күннің практикалық мәні әр университеттің жеке секцияларында мұқият қаралып, оларға басымдық берілген ұсынымдар болды, содан кейін олар бірлескен талқылау үшін әріптестерге ұсынылды. Белсенді және шығармашылық жұмыстардың нәтижесінде ең жақсы ұсыныстардың тізімі жасалды, бұл Қазақстандағы мейіргер ісін жетілдіруге орасан зор үлес қосады.
Осы мастер-класстың мақсатына жету үшін тыңдаушыларды тағы 3 күндік жемісті жұмыс және бірнеше университеттердің өзара бірлескен жұмысы күтіп тұр.