2021 жылғы 24 қарашадағы вебинарлар сериясының бөлігі ретінде «JBI ынтымақтастық орталығы мейіргерлік қызметтерді дамытудағы пайдасы қандай?» атты үшінші вебинар өткізілді.
Бианка Пилла қатысушыларға JBI Collaboration және бұл ынтымақтастық ашатын мүмкіндіктер туралы айтып берді. Ол сонымен қатар JBI Collaboration орталығының мейіргерлік қызметтерді дамыту үшін қаншалықты пайдалы екендігі туралы мәселелерді атап өтті. Дәрістен кейін сұрақ-жауап отырысы өтіп, қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды. Қатысушылар JBI Collaboration-ға үлкен қызығушылық танытты, олардың көпшілігі Қазақстанда осындай орталықты ашу бойынша одан әрі жұмыс істеуге үлкен мотивация алды. Болашақта орталық ашуға мүмкіндік беретін Кешенді жүйелі шолуда Қазақстанның медициналық жоғары оқу орындарынан 31 қатысушы білім алғанын айта кеткен жөн.
Сарапшының дәрісі: