Мейіргер ғылымын оқыту, сонымен қатар осы сала бойынша зерттеулер жүргізіп, жұмыстарды Халықаралық ғылыми қоғамдастықта жариялау үшін мейіргер ғылымының теориялары, модельдері мен негіздері туралы нақты тұжырымдамалық білім қажет.
Осы мақсатта 10 ECTS көлемінде «Мейіргер ісі теориясының мазмұны мен дамуы» атты онлайн оқу курсы 2021 жылдың 21 маусымында басталды. Ол үш күн бойы өткізіледі.
Жалпы алғанда курсқа мейіргер ғылым саласының 28 PhD докторанттары мен магистранттары, сондай-ақ Қазақстанның жеті университеттерінің оқытушы құрамы қатысады.
Курс Финляндиядағы Або Академи Университетімен және Қазақстандағы Астана Медицина Университетімен бірлесіп ұйымдастырылған.