2021 жылдың 21-23 маусымы аралығында Або Академи Университеті (Финляндия) мен Астана медицина университетінің (Қазақстан) бірлесуі арқылы ұйымдастырылған «Мейіргер ісі теориясының мазмұны мен дамуы» атты онлайн оқу курсының бірінші бөлімі сәтті аяқталғанын хабырлаймыз!
Жалпы алғанда аталған оку курсына мейіргер ғылым саласының 26 PhD докторанттары мен магистранттары, сондай-ақ Қазақстанның жеті университеттерінің оқытушы құрамы курс аяғына дейін қатысқанын мәлімдейміз.
Курстың соңғы күні қатысушыларға мейіргер ісі мен күтім теориясы саласындағы өз білімдерін қайта бағалады. Өзін-өзі бағалау 0-ден 10-ға дейінгі шкала бойынша жүргізіліп, курс нәтижесі бойынша қатысушылар өздерінің мейіргер ісі теориясы бойынша білімін «Жақсы» деп бағалады, яғни орташа есеппен қарағанда 6,8 шкала аралығында. Осы жолғы өзін-өзі бағалау көрсеткіштері 5-ден 9-ге дейінгі аралықта еді.
Курстың бірінші бөлімі аяқталғаннан кейінгі қатысушылардың пікірлері төмендегідей:
– Маған әлі де теорияларды тереңірек зерттеуді жалғастыру қажет, бірақ 3 күндік курс барысында теориялардың зерттеуге, білім беруге және тәжірибеге әсері туралы терең білім алдым.
– Мен мейіргерлік ғылым жолында, сонымен қатар білім беру және клиникалық тәжірибе саласында қолданылатын бірқатар теориялар мен модельдерді игердім, соның ішінде ғылыми зерттеулерде қолданылатын мейіргер теорияларын қалай оқыту және қалай бағалау керектігін тереңірек білдім. Курсты қорытындылай келе, мен теориялардың маңыздылығы сөзсіз жоғары екенін атап өткім келеді! Менің Мейіргер ісі туралы көзқарасым өзгерді.
– Осы үш күн өткен курс үшін барлықтарыңызға үлкен рахмет! Мен курстың негізгі мақсатына қол жеткізуге тырысамын, жаз бойы Мейіргер ісі теориясын терең зерттеп, алған білімді өзімнің жұмыс тәжірибемде қолданатын боламын. Осы оқу курсына қатысу мүмкіндігі үшін рахмет!
Оқу курсының екінші бөлімі 2021 жылдың 20-21 қыркүйек аралығында онлайн форматында өтеді. Қатысушылардың Мейіргер ісі теориялары және рөлі тақырыбы бойынша дайындалған эсселеріне шолу жасау жоспарлануда.