2.1 жұмыс пакетінің мақсаты – әлемдік мейіргер ісіндегі заманауи мәселелерді зерттеу негізінде оқытушылар құрамының әлеуетін арттыру арқылы Қазақстандағы мейіргерлік ғылымды нығайту. Осы мақсатта мейіргер ғылымын оқыту мен мейіргер ісі бойынша зерттеулер жүргізіп, ғылыми-зерттеу жұмыстарды халықаралық ғылыми қоғамдастықта жариялау үшін мейіргер ғылымының классификациялары, теориялары мен модельдері, сондай-ақ негіздері мен құрылымдары туралы нақты тұжырымдамалық білім қажет.
Аталған үдерістің алғашқы қадамы ретінде оқытушы-профессорлар құрамы мен PhD докторанттарға арналған «Мейіргер ісі теориясының мазмұны мен дамуы» атты оқу курсы Або Академия Университеті (Финляндия) мен Астана Медицина Университетінің (Қазақстан) ұйымдастырылуымен өткізілетін болады. Оқу курсы 10 ECTS көлемінде онлайн форматта өтеді және екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім 2021 жылдың 21-23 маусым аралығында өтеді.
Курсқа қатысушылар еуропалық университеттерде қолданылатын мейіргер ісі мен науқастарға күтім жасау теорияларымен танысады, және күтім теорияларының қалай іске асырылатындығы және олардың күтім мен денсаулық сақтаудың клиникалық практикасының дамуын қалай жақсартатыны туралы түсінікке ие болады. Еуропалық университеттерде қолданылатын Мейіргер ісі және науқастарға күтім жасау теорияларымен танысады, осы теориялардың іске қалай асырылуы, сондай-ақ клиникалық мейіргер практикасы мен денсаулық сақтау саласын қалай дамыту жолдары жайлы білім алады.
Аталған курстың сарапшылары ретінде үш еуропалық университеттердің (Або Академия Университеті, Ювяскюля қолданбалы ғылымдар университеті, Литва денсаулық ғылымдары университеті) мейіргер саласындағы ғалымдар мен аға зерттеушілері болып табылады.