Құрметті әріптестер!
Сіздерді 2021 жылдың күзіндегі ZOOM платформасында өткізілетін мейіргер ісін ынтымақтастық арқылы жетілдіру жолдары бойынша вебинарларға қуана шақырамыз.
Вебинарлардың мақсаты – клиникалық практикада туындайтын мейіргер ісі саласындағы зерттеулер мен әзірлемелердің өзекті тақырыптарын және оларды бірге қалай шешуге болатынын талқылау. Вебинарлар мейіргерлерге өздерінің кәсіби салаларындағы біліктіліктерін көрсетуге мүмкіндік береді, бұл олардың университет қызметкерлерімен ынтымақтастыққа деген сенімін арттырады. Сонымен қатар, Университеттердің мейіргер ісі факультеті үшін вебинарлар мейіргер ісінің өзекті мәселелері бойынша пікір алмасуға мүмкіндік береді және олар әзірленіп, зерттелуі қажет.
Вебинарлар Қазақстандағы медициналық жоғары оқу орындарының мейіргер ісі факультеттерінің өкілдеріне және олардың практикалық денсаулық сақтау саласындағы серіктестеріне (аға және бас мейіргерлерге) бағытталған.
Вебинарлар кестесі:
– 26.10.2021, 14.00: «Мейіргерлік қызметті ұйымдастыру кезінде сервистік дизайн тәсілін қалай қолдануға болады?»
Дәріс беруші: Johanna Heikkilä, аға кеңесші, мейіргерлік ғылым бойынша PhD, JAMK қолданбалы ғылымдар университеті, Финляндия.
– 24.11.2021, 11.00: «Мейіргер қызметін дамыту үшін Джоан Бриггс Институтының ынтымақтастық орталығы қаншалықты пайдалы?»
Дәріс беруші: Бианка Пилла, Халықаралық байланыстар менеджері, JBI, Денсаулық сақтау және медициналық ғылымдар мектебі, Аделаида университеті, Австралия.
Вебинарларға қосылуға сілтеме тіркелген жағдайда беріледі. Сұрақтар бойынша байланысушы тұлға: Жұлдыз Қуаныш, Қарағанды медицина университетінің қоғаммен байланыс маманы, kuanysh@kgmu.kz, +77058283096.