2021 жылдың 5 қазанында «Мейіргер ісінің сапасын арттырудың тиімді жобасы деген не?» ынтымақтастық арқылы мейіргерлік тәжірибені жақсартуға арналған үш бөлімнен тұратын онлайн вебинарлар сериясының бірінші бөлімі өткізілді.
Вебинарлардың мақсаты – клиникалық практикада туындайтын мейіргер ісі саласындағы зерттеулер мен әзірлемелердің өзекті тақырыптарын және оларды бірлесіп шешу жолдарын талқылау. Вебинарлар мейіргер қызметкерлеріне өздерінің кәсіби саласындағы тәжірибелерін көрсетуге мүмкіндік береді, бұл олардың университет қызметкерлерімен ынтымақтастыққа деген сенімін арттырады.
Өткен вебинарға практикалық денсаулық сақтаудың, оқытушы-профессорлар құрамының, сондай-ақ Қазақстанның медициналық университеттері студенттерінің 100-ден астам өкілдері қатысты. Вебинар JAMK қолданбалы ғылымдар университеті мен Қарағанды медицина университетінің ұйымдастыруымен өткізілді. JAMK қолданбалы ғылымдар университетінің аға оқытушысы, доценті, PhD Ханна Хопиа «Мейіргер ісінің сапасын арттырудың тиімді жобасы деген не? » дәріс оқыды. Одан кейін қатысушылар мейіргерлік практиканың ағымдағы мәселелерін, сондай-ақ олардың өзектілігін талқылады.