Лисбет Фагерстрём, мейіргер ісі ғылымының профессоры, Або Академи Университеті, Білім және әлеуметтік ғылымдар факультеті
“Мейіргер ісі теориясының мазмұны және дамуы” атты PhD курсы “Мейіргер ғылымы саласы бойынша мейіргер ісі факультетінің әлеуетін арттыру” іс-шаралары аясындағы алғашқы оқыту курсы болып табылады. Оқу курсының негізгі идеясы магистратура мен докторантурада оқитын мейіргерлердің, сонымен қатар медициналық ғылымында жиі жұмыс тәжірибесі бар медициналық жоғары оқу орындарының оқытушыларының мейіргерлік ғылым саласындағы құзыреттілігін арттыру және Қазақстанда мейіргерлік зерттеулер саласындағы білім базасын одан әрі дамытып, болашақ мейіргер ғылымының оқытушыларын дайындау.
Курстың мақсаты мейіргер ісі мен күтімнің заманауи теорияларын тереңірек түсінуге және сыни тұрғыдан бағалауға үйрету болып табылады. Осылайша, курс қатысушылары болашақта аталған теорияларды студенттерге үйретіп, әртүрлі клиникалық салаларда мейіргер ісі ғылымының заманауи теорияларын қолдана алады.
Курсты жоспарлау 2021 жылдың қаңтарында басталып, жоба серіктестерімен бірнеше кездесулер ұйымдастырылды. COVID-19 пандемиясына байланысты курсты Zoom платформасы арқылы онлайн ұйымдастырылды. Курс мазмұны, әдебиеттер мен оқу материалдары, тапсырманы орындау бойынша нұсқаулықтар, бағалау критерийлері, сондай-ақ іс-шараның бағдарламасы Або Академи Университеті, Ювяскюля қолданбалы ғылымдар университеті және Литва денсаулық ғылымдары университетінің оқытушыларымен бірлесіп әзірленді. Курсты жоспарлауға және жүзеге асыруға Або Академия университетінің, сонымен қатар Ювяскюля қолданбалы ғылымдар университеті, Литва денсаулық ғылымдары университеті мен Қарағанды медицина университетінің бірнеше профессор-оқытушы құрамының үлесі зор. Астана медициналық университеті тарапынан Доскелдинова Әсем курсты ұйымдастырубойынша құнды қолдау көрсетті.
Або Академи Университетінің Moodle платформасында аталған курстың вебсайты құрылып, курс туралы барлық маңызды ақпарат, соның ішінде курс материалдары, мақалалар, электронды кітаптар курс қатысушылары мен оқытушыларына қолжетімді болды. Курс қатысушылары Або Академи Университетінің студенттері ретінде тіркеліп, барлық курс қатысушыларына Moodle платформасына, сондай-ақ Финляндияның жетекші университетінің электронды кітапханасына кіруге мүмкіндік берілді. Барлық қатысушылар Або Академия университетінің Ақпараттық технологиялар мен Медицина ғылымдары департаменттерінен тіркеуге қатысты практикалық мәселелер бойынша тиісті техникалық қолдау алды.
2021 жылдың 21-23 маусымында өткен алғашқы семинарларға 26 адам қатысты. Курс басталмас бұрын қатысушыларға ұсынылған әдебиеттермен танысып, өздік жұмыстарды дайындау қажет болды. Бұл семинарлардың мақсаты халықаралық тұрғыдан мейіргер ісі мен күтім теориясы бойынша білімді тереңдету болды. Сондай-ақ мейірбике ісі мен күтім теориялары халықаралық деңгейде мейірбикелік тәжірибеде, білім беруде және көшбасшылықта қолдану тәжірибесімен танысу болып табылады. Семинар мейіргер ісі ғылымы мен мейірбике ісі тарихымен, сондай-ақ негізгі парадигмаларымен таныстырудан басталды. Осыдан кейін Эриксон, Уотсон, Колкаба, Орем және Беннер теориялары сияқты негізгі, орташа деңгейдегі және тәжірибеге бағытталған теориялары мен үлгілері бойынша бірнеше мысалдары ұсынылды. Теориялық курстың екінші күні мейіргер ісі мен күтім теорияларының әртүрлі салаларда қолдануы бойынша ғылыми жобалар жайлы ақпарат презентациялармен бекітілді. Қатысушылар мейіргер ісі мен күтім теориясын оқыту педагогикасы бойынша дәрісті жоғары бағалады. Теориялық бөлімнің үшінші негізгі тақырыбы мейіргер ісі теорияларына сыни баға беру болды. Екі докторант мейіргер ісі мен күтім теорияларын докторлық зерттеулеріне қалай қолданғаны туралы қысқаша презентациялар жасады. Курсты бағалау барысында қатысушылар мейіргер ісі теорияларын қалай қолдануға болатыны туралы практикалық мысалдар олар үшін ерекше қызықты болғанын атап өтті. Күн сайын қатысушылар жұмыс топтарына бөлініп, өзекті тақырыптарды талқылады, осылайша бұл тақырыптар олардың зерттеуге арналған өзіндік эссе жұмысының тақырыбына айналды.
Курстың бірінші және екінші бөлігі арасында тыңдаушылар мейіргер ісі және күтім теориясы бойынша жазбаша эссе (курстық тапсырма) тапсыруы қажет болды. Курстың екінші бөлімі 2021 жылдың 20-21 қыркүйек аралығында өтті. Бұл күндері қатысушылар жазбаша эсселерінің негізгі тұстарын ауызша қорғап, басқа қатысушылардың баяндамаларын талқылауға қатысты. 22 қазанда презентация түріндегі баяндамаларды қорғау үшін қосымша семинар ұйымдастырылды.
Қатысушылардың бағалауы бойынша, курс барысында мейіргерлік күтім теориясының мазмұны мен дамуы туралы білім артқанын айтты. Қатысушылар курстың теориялық бөлігі ұнағанын, Мейіргер ісі теориялары жайлы білімнің кеңейгенін, сондай-ақ осы теориялардың маңыздылығы туралы терең түсінік алғанын атап өтті. Қатысушылар мейіргер ісі мен күтім теорияларын практикада, яғни студенттерді оқытуда қолданатынын айтты. Курсты аяқтаған соң тыңдаушылар мейіргер ісі ғылымының теориялық негіздерін мейіргер ісінің негізі ретінде қарастырып, бұл теорияларды мейіргерлік іс тәжірибесінде үздіксіз пайдалану қажеттілігін және мейіргер ісінің теориялық негіздерін зерттеуде қолданудың маңыздылығын атап өтті.
Кілт сөздер: мейіргер ісі ғылымы, мейіргерлік күтім ғылымы, мейіргер ісі теориясы, қолдану, бағалау.
Сілтеме:
Профессор Лисбет Фагерстрем – мейіргер ісі ғылымының профессоры және Або Академия университетінің (Финляндия) Вааса кампусының ректоры, және Оңтүстік-Шығыс Норвегия университетінің мейіргер ісі кафедрасының профессоры. Зерттеудің негізгі бағыттары: мейіргер ісінің озық тәжірибесі, мейіргер ісінің штаттық құрамы, мейіргер ісінің қарқындылығы, геронтологиялық күтім және денсаулықты нығайту (126 ғылыми мақалалар авторы (рецензент); кітаптың 13 тарауы; 1 кітап редакторы; мейіргер ісінің озық тәжірибесі туралы 1 кітап авторы (Springer, 2021), 150-ден астам тезистер). Профессор Лисбет Фагерстремның денсаулық сақтау, медициналық білім беру мен зерттеу саласында мейіргерлік білім беру бойынша үлкен тәжірибесі бар.