Erasmus+ AccelEd жобасы аясында «Астана медицина университеті» КеАҚ мейіргер ісі мамандығы бойынша 2 курс магистранттары Мамырбекова Мақпал мен Нағашыбек Гүлжайна Финляндияның Або академиясында ғылыми тағылымдамадан өтуін бастады. Тағылымдама 03.10.2022-18.10.2022 аралығында өтеді.
⠀
Бұл тағылымдаманың басты мақсаттарының бірі – Еуропа елдеріндегі мейіргерлік зерттеулер мен білім беру туралы түсінікті жақсарту, сонымен қатар студенттердің ағылшын тілін меңгеру дағдыларын жетілдіру.
⠀
Магистранттарымызға сәттілік пен тағылымдамадан жақсы нәтижелерге жетулеріне тілектеспіз!