AccelEd жобасының арнайы міндеттері жұмыс пакеттерінің (ЖП) аясында орнатылады:
ЖП1 – Дайындық AccelEd жобасын іске асыруға дайындықты, көзқарасты, қызметтерді, басқаруды және сапаны шоғырландыруға бағытталған.
Жауапты серіктес: Литва денсаулық ғылымдары университеті.
Негізгі міндеттері:
– Жобаны басқару жөніндегі нұсқаулық
– AccelEd грант келісімі
– AccelEd консорциум келісімі
– Жобаның толық жоспары.
Дүние жүзіндегі мейіргер саласындағы заманауи мәселелерді ескере отырып, оқытушы-профессорлар құрамның біліктілігін арттыру арқылы Қазақстанда мейіргер ісін нығайту – ЖП2.1. AccelEd мейіргерлік құзыреттілікті дамытып, Болон тибіндегі білім беру реформаларының үш циклын үздіксіз жүзеге асыруды қамтамасыз етеді және елдегі мейіргерлік білім, тәжірибе және ғылым үштігін іске қосады.
Жауапты серіктестер: Або Академи университеті және Астана медицина университеті.
Негізгі міндеттері:
– «Мейіргер ісі теориясының мәні және дамуы» атты оқытушы-профессорлар мен докторанттарға арналған оқу курсы
– «Мейіргер ісі және ұзақ мерзімді аурулармен ауыратын науқастарды зерттеу теориясы» атты оқытушы-профессорлар мен докторанттарға арналған оқу курсы
– Мейіргер ісі бойынша магистранттардың тағылымдамалары
– Мейіргерлік ғылымды дамыту бойынша тағылымдамалар туралы есеп
– Мейіргер ісі бойынша конференция
– «Астана Медицина Журналдары» журналындағы мейіргер іс туралы мақалалар.
– Онлайн-жарияланымдар
– Тағылымдамалар қатысушыларымен кейінгі кездесулер: оқытушы-профессорлармен, докторанттармен.
Мейіргер ісі факультетінің зерттеу әдістемелеріндегі әлеуетін арттыру үшін мейіргерлік зерттеулердің кең халықаралық қауымдастығына қосылу – ЖП2.2. Үздік еуропалық тәжірибелер мен әдістемелерді мейіргер ісінің оқытушыларына қолдану үшін таратылуы керек (бір-біріне үйрету, кеңес беру және тағылымдамалар).
Жауапты серіктестер: Литва денсаулық ғылымдары университеті және Назарбаев Университетінің Медицина мектебі.
Негізгі міндеттері:
– Мейіргерлік зерттеу әдістемесі курсы
– Мейіргерлік зерттеу әдістемесі бойынша тренинг I
– Мейіргерлік зерттеу әдістемесі бойынша тренинг II
– Академиялық қызметкерлердің тағылымдамадан өтуі
– Мейіргерлік зерттеулер бойынша басылымдар жасау.
Мейіргерлік зерттеулерге арналған тұрақты құрылымдар мен жүйелі процестерді құру медициналық университеттер мен денсаулық сақтау мекемелері арасындағы дәлелді мейіргер ісін дамыту бойынша ынтымақтастық – ЖП2.3. Жобаның мақсатты топтарына денсаулық сақтау жүйесіндегі инновацияларды практикалық дамыту үшін мейіргерлік білім мен зерттеулердің тұрақты жалғасы мен қолданылуын құруға көмектесетін жаңа тәсілдер мен құралдар ұсынылуы керек.
Жауапты серіктестер: JAMK қолданбалы ғылымдар университеті және Қарағанды медицина университеті.
Негізгі міндеттері:
– «Мейіргер ісіне жүйелі шолу» тренингі
– Университеттер мен денсаулық сақтау мекемелері арасындағы ынтымақтастық құрылымдары мен процестерін дамытуға арналған ұсыныстары бар есеп
– «Денсаулық сақтауды дамытудағы қызметтерді (мейіргерлік қызметтерді) жобалау теориясы» тренингінің I бөлімі
– «Денсаулық сақтауды дамытудағы сервис-дизайнды (мейіргерлік қызметтерді) енгізу» тренингінің II бөлімі
– Денсаулық сақтауды дамытудағы сервис-дизайн (мейіргерлік қызметтер) бойынша семинар.
– Қызметтерді дизайндеу және дамыту әдістері бойынша тәжірибе туралы есеп және ұсыныстар.
Магистратурада және докторантурада мейіргерлік білім беруді басқарудағы құрылымдық және институционалдық өзгерістерді бастау және мейіргерлік іс бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді үздік еуропалық тәжірибеге сәйкес қамтамасыз ету – ЖП2.4. Жоба шеңберінде өткізілетін іс-шаралар магистратура мен докторантура деңгейінде мейіргерлік білім берудің сапасын қамтамасыз ету жүйесін жетілдіруге, мейіргерлік зерттеулер мен диссертациялар әзірлеуге мүмкіншіліктерді дамытуға, Қазақстандық медициналық университеттердің мейіргерлік факультеттерінің түлектері мен бағалаушылары үшін нақты нұсқаулықтарды құруға бағытталған.
Жауапты серіктестер: Утрехт университеттік медициналық орталығы, С. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті.
Негізгі міндеттері:
– Магистратура мен PhD докторантура деңгейінде оқытуды басқарудың озық тәжірибелерімен алмасу бойынша мастер-класс
– Мейіргерлік ғылымдағы жоғары оқу орнынан кейінгі білім сапасын қолдау үшін қажетті реформалар туралы ұсыныстармен есеп беру
– Қазақстанның жоғары оқу орындарындағы мейіргерлік ғылым бойынша магистрлік және докторлық диссертацияларды бағалау бойынша әдістемелік ұсыныстар
– Мейіргерлік зерттеулердің сапасын бағалау үшін құрылған университеттік ғылыми комитеттер
– Зерттеу комитеттерінің мүшелеріне арналған мастер-класс
– Магистратура мен докторантурада мейіргерлік білім беру сапасын арттыру бойынша конференция.
ЖП3 – Сапа кепілдігі, жобаның басында Сапаны қамтамасыз ету және бақылау жоспарын (QAM) әзірлеуге жауапты.
Жауапты серіктес: JAMK қолданбалы ғылымдар университеті.
Негізгі міндеттері:
– QAM жоспары
– Ішкі сапа туралы есептер
– Аралық сапа туралы есеп
– Сыртқы бағалау туралы есеп
– Сапа туралы қорытынды есеп.
Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесіндегі мейіргерлердің рөлін күшейту үшін жобаның барысы мен нәтижелері ЖП4 – Диссеминация арқылы тиісті мақсатты топтардың арасында насихатталатын болады. Мейіргерлік ғылымның мүдделі тараптары денсаулық сақтау қызметін, клиникалық практиканы және оқыту мен зерттеуді модернизациялаудың маңызды элементі ретінде AccelEd жобасы бойынша әзірленген тәжірибені мейіргерлік ғылыммен мен зерттеуге оқытуға және мейіргерлік саясат шеңберіне қолдануға шақырылады және ынталандырылады.
Жауапты серіктес: Астана медицина университеті.
Негізгі міндеттері:
– Диссеминация, тарату және пайдалану жоспары
– AccelEd жобасының сайты
– Әлеуметтік желі
– Жарнамалық материалдар – парақшалар, буклеттер, плакаттар мен стендтер.
– Кері байланыс формалары
– Қорытынды конференция.
ЖП5 – Менеджмент сапаны қамтамасыз ету үшін жобалық іс-шараларды басқарып, бақылайды.
Жауапты серіктес: Литва медицина ғылымдарының университеті.
– Орында өткізілетін және онлайн кездесулардың хаттамаларын жазу
– Аралық есеп
– Қорытынды есеп
– Орындалған жұмыс туралы есептер