Уважаемые коллеги!
Сіздерді Астана қ, Астана медицина университеті, көш. Бейбітшілік 49/А, Қазақстан, 7-8-9 ақпан 2023 ж. өтетін дөңгелек үстелге шақыруға қуаныштымыз. Дөңгелек үстел Erasmus+ бағдарламасы арқылы ЕО бірлесіп қаржыландыратын және жоғары білім берудің әлеуетін арттыру және реформалау бойынша инновациялық жобаларды жүзеге асыратын AccelEd («Қазақстанның жоғары білім беру жүйесіндегі магистратура және PhD деңгейіндегі мейіргер ісін жетілдіру») жобасының бөлігі болып табылады. Дөңгелек үстел Астана медицина университетінің Ұлттық жоба үйлестірушісінің қолдауымен және көмегімен Қарағанды медицина университеті мен Jamk қолданбалы ғылымдар университеті ұйымдастырды. Перевод на русский язык будет обеспечен.
Дөңгелек үстелге ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, Ғылым және жоғары білім министрлігінің өкілдері, Қазақстанның медициналық университеттері мен жоғары медициналық колледждерінің профессорлық-оқытушылық құрамы мен жетекшілері, практикалық денсаулық сақтау саласының өкілдері, бас және аға мейірбикелер, докторанттар мен магистранттар шақырылады.
Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты – JBI ұйымдарына қосылу туралы пікірталас бастау, Қазақстанда орталық ашудың өзектілігі мен артықшылықтарын атап өту. Тағы бір мақсат – ашық ғылым мәселесін көтеріп, Қазақстанда мейіргер ісі ғылымын дамытудың бірыңғай репозиторийін ашуға қолдау көрсету.
Дөңгелек үстелге қатысу үшін электронды нысанды толтыру қажет https://forms.gle/UEpFv2vusWHzGrBS8
ҚМУ Басқарма төрағасы – ректоры А.А. Тұрмұхамбетова
Байланыстағы тұлғалар: Жұлдыз Қуаныш, Қарағанды медицина университетінің ақпараттандыру жөніндегі маманы, kuanysh@qmu.kz, +77058283096
Құрметпен, AccelEd командасы АМУ, ҚМУ және JAMK