Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы акционерлік қоғамы (ОҚМА) 40 жылдан астам уақыт бойы Қазақстан нарығында білім беру қызметтерін көрсетіп келе жатқан, еліміздің жетекші медициналық жоғары оқу орны болып табылады.
ОҚМА медициналық, фармацевтикалық және инженерлік-фармацевтикалық бағыттағы мамандарды орта техникалық кәсіптік білім (медициналық колледж), жоғары (бакалавриат, интернатура), жоғары оқу орнынан кейінгі білім (магистратура, докторантура, резидентура) деңгейінде; денсаулық сақтау жүйесі кадрларының үздіксіз кәсіби даму деңгейінде (медициналық және фармацевтикалық кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау) даярлауды жүзеге асырады.
ОҚМА “Мейіргер ісі” білім беру бағдарламасы бойынша келесі деңгейдегі мамандарды даярлайды: қолданбалы бакалавриат, академиялық бакалавриат, магистратура. 2020 жылы ОҚМА бакалавриат және магистратура бағдарламалары үшін білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз қазақстандық агенттіктің мамандандырылған аккредиттеуінен өтті және оны докторантура деңгейінде дамытуға ұмтылады.
ОҚМА медициналық ғылым, білім беру және практикалық денсаулық сақтау саласында жақын және алыс шетелдердің 30-дан астам жетекші шетелдік университеттерімен өзара түсіністік туралы меморандумдар, шарттар, Халықаралық ынтымақтастық туралы келісімдер негізінде ынтымақтасады, олардың саны жыл сайын артып келеді. Түркия, Испания, Румыния, Ұлыбританияның жетекші университеттерімен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды. Ғылыми-зерттеу жұмысының бағыттары ғылымды дамытудың басым бағыттары бойынша ЖОО әлеуетіне, сондай-ақ өңірдің қажеттіліктеріне сәйкес айқындалған.
Сайты: skma.edu.kz
Жанна Сейтжанова
СҚМА бойынша жоба көшбасшысы
МВА, Қаржы-шаруашылық қызмет жөніндегі проректор, “Ректорлар мектебі: университеттің трансформациясын басқару” бағдарламасы бойынша “Сколково” Мәскеуде басқару мектебінде кәсіби қайта даярлаудан өтті.
Алма Ахметова
Жоба менеджері
Химия ғылымдарының кандидаты, доцент, Стратегиялық даму және халықаралық ынтымақтастық басқармасының басшысы, Дүниежүзілік Банктің “Тәжікстан Республикасындағы фармацевтикалық білім беруді инновациялық дамыту” жобасының үйлестірушісі “Professional Development Program for Higher Education Leaders of Kazakhstan” Назарбаев Университеті жанындағы курстан өтті.
Айзат Сейдахметова
Жоба үйлестірушісі
«Жедел медициналық көмек және мейіргер ісі» кафедрасының меңгерушісі. Аккредиттеу жөніндегі Тәуелсіз агенттіктердің сарапшысы, ҚР терапевттер қауымдастығының мүшесі, ОҚМА-дағы білім беру бағдарламалары комитетінің төрағасы, ЖОО ішіндегі сапаны бақылау мүшесі, «Мейіргер ісі» мамандығының студенттері мен магистранттарының эдвайзері болып табылады. 200 – ден астам ғылыми еңбегі, оның ішінде өнертабыс патенті, 4 оқу құралы бар, «Жалпы медицина» мамандығы бойынша 2 үлгілік бағдарламаның және клиникалық жағдайлардың бірлескен авторы, МЖМБС және «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша үлгілік кәсіптік бағдарламаның авторы болып табылады. «Мейіргер ісі» мамандығы магистранттарының жетекшісі және ғылыми кеңесшісі болып табылады.
Умида Ходжакулова
Жоба зерттеушісі
«Жедел медициналық көмек және мейіргер ісі” кафедрасының ассистенті, әзірлеуші. Медицина ғылымдарының магистрі. Халықаралық ғылыми конференцияларға қатысушы, Чехия Республикасы, Прага қаласында ғылыми тағылымдамадан өтті, «мейіргерлік білім берудегі оқыту мен бағалаудың құзыреттілік тәсілдері» тақырыбындағы мұғалімнің Үздік оқу журналын алуға арналған конкурста 2-ші орын иегері, JAMK, Финляндия.
Дана Ауезханкызы
Жоба зерттеушісі
«Жедел медициналық көмек және мейіргер ісі» кафедрасының ассистенті, әзірлеуші. Дәрігер, Жалпы хирург, Анестезиология және реанимация резиденті. Көптеген ғылыми-практикалық халықаралық конференциялардың, вебинарлардың қатысушысы, грамоталардың, сертификаттардың иегері, София қаласында (Болгария), Бұхара қаласында және Самарқанд қаласында (Өзбекстан) практикалық тағылымдамадан өтті. Волонтерлік қызметпен айналысады, Арыс қаласының тұрғындарына көмек көрсеткені үшін алғыс хат алған. 2020 жылдың наурыз айынан бастап Сovid-19 қарсы күрес бойынша әріптестерімен бірге белсенді қатысады және бүгінгі күнге дейін басты жетістік Анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде адамдардың өмірі үшін күнделікті күрес болып табылады.
Эльдор Юнусметов
Жоба зерттеушісі
«Жедел медициналық көмек және мейіргер ісі» кафедрасының ассистенті, әзірлеуші. “Анестезиология және реаниматология” мамандығы бойынша резидент. Ғылыми-практикалық конференциялардың қатысушысы. ОҚМА – да «коммуникативтік дағдылар», «дәрігер тәжірибесінде дәлелді медицинаны енгізу құралдары», «тиімді оқытушы», «ақпараттық-компьютерлік технологиялар» біліктілігін арттыру курстарынан өтті. 2020 жылы ағылшын тілінен Aptis емтиханын тапсырды, 3 тілде сабақ жүргізеді. Түркістан облысының аудандарына барып, «Коронавирустық инфекция, емдеу және алдын алу стандарттары» тақырыбында дәріс оқыды. Вебинарларға, коронавирустық инфекцияға қатысты шеберлік сабақтарына қатысушы Covid-2019 пациенттерімен жұмыс істеу сертификатына ие.