Қарағанды медицинақ университеті 1950 жылы құрылған, денсаулық сақтау жүйесі үшін білікті кадрлар дайындау бойынша Қазақстанның жетекші медициналық ЖОО болып табылады, білім беру, ғылыми және емдеу-диагностикалық қызмет көрсету салаларында жоғары беделге ие. Бүгінгі күні университет мамандарды көп деңгейлі сатыда дайындауды іске асыруда: бакалавриат, жоғары оқу орынан кейінгі (магистратура, резидентура, докторантура) және қосымша білім беру. Оқыту мемлекеттік, орыс, ағылшын тілдерінде жүргізіледі. Университетте сегіз мыңнан аса білім алушы бар. Біздің түлектер Қазақстанда, жақын және алыс шетелдерде табысты жұмыс атқарады.
Білім беру және ғылыми зерттеулер сапасы жоғары деңгейдегі инфрақұрылыммен қамтамасыз етіледі, олардың көбі интерактивті құралдармен жабдықталған дәрісханалары бар 7 оқу ғимараты, оқу залдары және электронды кітапхана залдары бар ғылыми кітапхана, жоғары технологиялық жаттығу құрылғылары мен манекендермен жабдықталған симуляциялық және білім беру технологиялар орталығы, Ғылыми – зерттеу орталығы және ұжымдық пайдалану зертханасы, Ғылыми-зерттеу санитарлық-гигиеналық зертханасы, 6 жатақхана, 57 клиникалық база, Қазақстан Республикасы және шет мемлекеттерінде 476 кәсіби тәжірибеден өту базалары, Медицина университетінің клиникасы, стоматологиялық клиника, студенттік спорттық-сауықтыру лагерлері.
Сайты: qmu.edu.kz
Бауыржан Омарқулов
AccelEd ҚМУ жобасының үйлестірушісі
Қарағанды медициналық университетінде ЖП 2.3 үйлестірушісі, медицина ғылымдарының кандидаты, профессор, Қарағанды медициналық университетінің қоғамдық денсаулық сақтау және кәсіби денсаулық сақтау институтының директоры.
Жұлдыз Қуаныш
AccelEd ҚМУ Жоба менеджері
Қарағанды медициналық университетінде ЖП 2.3 менеджері, қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы медицина ғылымдарының магистрі, «Қоғамдық денсаулық сақтау» білім беру бағдарламасының PhD докторанты, қоғаммен байланыс жөніндегі маман, биоэтика комитетінің хатшысы. 2017-2021 жылдары Erasmus + CBHE ProInCa зерттеушісі және жоба менеджері болып жұмыс істеді.
Наталья Цай
Қаржы менеджері
Менеджмент және экономика бакалавры, ҚМУ халықаралық жобалар, техникалық және бухгалтерлік қолдау бойынша маман болып жұмыс істейді. CPA сертификаты бар. Наталья 2012 жылдан бастап Қазақстан кәсіби бухгалтерлер қауымдастығының мүшесі. Ол Erasmus + қаржыландыратын TAME, TUTORIAL, WELCOME, TRUNAK, ProInCa, SPRING халықаралық жобалар мен жобаларда қаржылық менеджер болып жұмыс істеді.
Феруза Садуева
Жоба зерттеушісі
Қарағанды медициналық университетінде ЖП 2.3 зерттеушісі, MSN, «Мейіргер ісі» білім беру бағдарламасы бойынша PhD докторанты, Мейіргерлік білім беру мектебінің оқытушысы. 2017-2021 жылдар аралығында Erasmus + CBHE ProInCa жобасында зерттеуші болып жұмыс істеді.
Инеш Меерманова
Жоба зерттеушісі
Қарағанды медициналық университетінде ЖП 2.3 зерттеушісі, MSN, «Қоғамдық денсаулық сақтау» білім беру бағдарламасы бойынша PhD докторанты, Мейіргерлік білім беру мектебінің оқытушысы. 2017-2021 жылдар аралығында Erasmus+ CBHE ProInCa жобасында зерттеуші болып жұмыс істеді.
Әуез Айтмағамбетов
Жоба зерттеушісі
Қарағанды медициналық университетінде ЖП 2.3 зерттеушісі, MMSPH, ҚМУ Мейіргерлік білім мектебінің оқу ісі жөніндегі декан орынбасары. 2017-2021 жылдар аралығында Erasmus + CBHE ProInCa жобасында зерттеуші болып жұмыс істеді.