11 мамырда «Мейіргер ісі факультеттерінің жұмысын басқару, PhD білім беру бағдарламаларын ұйымдастырудағы ынтымақтастық, магистратура мен PhD диссертацияларының жұмысын бағалау бойынша халықаралық тәжірибені салыстыру» мастер-классы басталды. Ұйымдастырушы – 2.4 жұмыс пакеті – Утрехт университеттік медициналық орталығы, С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің және медициналық жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты.
Қатысушылар әр түрлі университеттердегі мейіргер ісі факультетінің озық тәжірибені зерттеу және осы бағыттағы университеттік жұмысты ұйымдастыруды жетілдіру бойынша ұсыныстарды әрі қарай әзірлеу үшін мейіргер ісі факультетін басқару жүйелерін талқылады: факультет құрылымдары, кадрлық ресурстары және құрылымдық бөлімшелері, сонымен қатар магистрлік және докторлық диссертацияларды бағалау тәртібі, ғылыми жетекшілер мен диссертацияны бағалау комиссиясының мүшелеріне қойылатын талаптар және т.б.
14 мамырдағы келесі кездесу барысында мейіргерлік факультеттерді басқару құрылымы, қызметкерлер құрамы және қаржыландыру мәселелері бойынша одан әрі талқылау жоспарланған. Мастер-класс қатысушыларына сәттілік тілейміз!