Бүгін электрондық бенчмаркинг шеңберінде С. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің, Қарағанды медицина университетінің және Назарбаев Университеті Медицина мектебінің өкілдерімен талқылаулар жүргізілуде.
JAMK Қолданбалы ғылымдар университеті мен Қарағанды медицина университетінің топ мүшелері мейіргер ісіндегі ынтымақтастықтың қазіргі тәжірибелері туралы сұхбат жүргізді.
Онлайн-кездесулерге қатысушылар университеттік ауруханалардағы практикалық мейірбикелерінің зерттеу жүргізу мүмкіндіктері, сондай-ақ студенттерге ғылыми өмірдің алғашқы кезеңі ретінде дипломдық жұмыс жазу мүмкіндігі сияқты қызықты сұрақтарды талқылады. Бастысы, университетте және емханаларда мейіргер ісін дамыту бойынша қазір атқарылып жатқан жұмыстар талқыланды.