Эразмус+ «Қазақстанның жоғары білім беру жүйесінде магистратура және PhD докторантура деңгейінде мейіргер ісін жетілдіру AccelEd» жобасы аясында электрондық бенчмаркинг басталды. Электрондық бенчмаркингтің мақсаты университеттер мен денсаулық сақтау ұйымдарының мейіргерлік зерттеулерді ілгерілетудегі бірлескен модельдер, тәжірибелер мен процестерге қатысты озық тәжірибелерін жинақтау болды.
17-18 наурызда университеттердің әрқайсысы үшін Zoom кездесулері өткізілді (1,5-2 сағат), онда университеттер өздерінің қазіргі және озық тәжірибелерін ұсынып, оларды талқылады.
Алдын ала ЕО университеттері Литва денсаулық сақтау ғылымдарының университеті, Утрехт университеттік медициналық орталық және Або Академиясы AccelEd түпнұсқасында келесі тақырыптар бойынша әрқайсысы презентациялар дайындады «Жемісті академиялық-клиникалық денсаулық серіктестігінің сипаттамалары»:
• Табысты серіктестікті құру жолдары;
• Серіктестікті қолдау;
• Құрастырылған құрылымдар мен модельдер;
• Қолданылатын әдістер мен тәсілдер.
Осы Zoom сеанстарынан кейінгі келесі қадам – 2021 жылғы 4 мамырда Хельсинки уақытымен сағат 11:00-ден 15:00-ге дейін Zoom-дағы онлайн-семинарға дайындық.