Бүгін, жобаны іске қосу бойынша екінші кездесудің бірінші күні AccelEd серіктестері Атқарушы кеңес өкілдерімен және EACEA жоба орындаушысы Карло Имарисомен бірге Консорциум келісімін жасау кезеңін, жоба бойынша біріктірілген жұмыс жоспарын қалыптастыру процесін талқылады.
Жоспарды жасаудағы қиындықтар көбінде пандемияға байланысты жұмыс кестесі мен жұмыс сапарларының күндерін белгілеуде болды, сондықтан кейбір іс-шараларды кейінге қалдыру ұсынылды.
Сонымен қатар, жобаны басқару жөніндегі нұсқаулықты Литва денсаулық сақтау ғылымдары университетінің өкілдері жоба координаторы Юрате Мациаускиене және жоба менеджері Живиле Кепежинскиене ұсынды. Нұсқаулық жалпыға қол жетімді және ішкі деректерді сақтауға, жоба шеңберіндегі құжаттарды жасауға және т.б. талаптарды қамтыды.
Жоба серіктестерінің келесі кездесуі екі күннен кейін Академиялық-консультативтік кеңестің қатысуымен өтеді. Онда академиялық жұмыс пакеттері өздерінің қызметтері мен мақсаттарын ұсынады, сондай-ақ жобаның іске асыру сапасын бақылау және мониторингтеу жоспары көрсетіледі.