Хопия, Ханна, жетекші оқытушы, доцент, PhD, JAMK Қолданбалы ғылымдар университеті, Финляндия
Хейккиля, Йоханна, аға кеңесші, PhD, JAMK қолданбалы ғылымдар университеті, Финляндия
Мейіргерлік практика мен медициналық университеттер арасындағы тиімді ынтымақтастық дәлелді тәжірибені дамыту үшін негіз болып табылады. Алайда, ынтымақтастық әрқашан оңай бола бермейді. Ынтымақтастық біз жасай алатын нәрсе болуы мүмкін немесе нәтижесінде байқалуы мүмкін. Ынтымақтастық кем дегенде екі тараптың өзара келісілген және белгіленген мақсаттарына жету үшін барлық серіктестерге пайда әкелетін жұмысты бастауды талап етеді. Оған міндет, жауапкершілік және өзара алмасу кіреді. Сондықтан біз, AccelEd 2.3 жұмыс пакетінің тобы, мейіргер немесе оқытушы болсын, әріптестеріңізбен әрі қарай ынтымақтастықты бастау мен дамытудың бес әдісін ұсынамыз.
Табысты ынтымақтастықтың бұл бес кілті жобада жасалған келесі қатаң қадамдарға негізделген:
Біріншіден біз ынтымақтастық арқылы дәлелді мейіргер ісін ілгерілететін халықаралық үздік тәжірибе туралы әдебиеттерді қарастырдық, содан кейін AccelEd жобасының ЕО серіктестерінің ынтымақтастық модельдері мен процестерін талдадық. Осыдан кейін біз қазақстандық медициналық университеттердегі мейіргер ісіндегі ынтымақтастықтың қолданыстағы тәжірибесін зерттеп, қазақстандық мүдделі тараптармен ынтымақтастықтың ең жақсы тәжірибесімен салыстырдық. Осы қадамдардың негізінде тиімді және нәтижелі ынтымақтастықтың бес жолы тұжырымдалды. Міне олар:
1. Мейіргерлік клиникалық нұсқаулықтардың аймақтық деңгейдегі жаңа тақырыптарын таңдау жолдарын анықтау және қолданыстағын енгізу.
2. Мейіргер ісін бірлесе дамытуда Қазақстанның мейіргер ісіні дамыту орталығының (МІДО) ресурстарын қолдану жолдары туралы келісу.
3. Мейіргер ісі бойынша ғылыми-зерттеу және тәжірибелік тақырыптарды анықтау мен бөлісу жолдарын құру.
4. Азаматтардың ағымдағы аймақтық денсаулық проблемаларына қатысты мейргер ісі бойынша аймақтық даму салаларын бірлесіп бірінші кезекке қою және құжаттау.
5. Азаматтардың денсаулығына қатысты оң нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін дәлелді мейіргер ісін дамытудың аймақтық ұзақ мерзімді мақсаттарын анықтау.
Ең жағымдысы – бұл барлық қадамдарды жүзеге асыруға болады! Медициналық университеттің әрбір оқытушысы мен мейіргер ісінің әрбір жетекшісі дәлелді мейіргерлік тәжірибені дамыту үшін мекемелер арасында жемісті ынтымақтастық орнатуға жауапты. Біріншіден, қазақстандық қоғамның игілігі үшін және науқастар үшін ынтымақтастық мақсатында кездесуі мүмкін кедергілерді жою. Және есіңізде болсын, бұл екі мекеменің қызметкерлеріне қатысты.
Сілтемелер
Меерманова, И. Садуева, Ф. Куаныш, Ж. Айтмагамбетов, А. Хопиа, Х. Кангас-Ниеми, А. Хейккиля, Й. 2021. Университеттер мен денсаулық сақтау мекемелері арасындағы ынтымақтастық құрылымдары мен процестерін дамыту жөніндегі ұсынымдар туралы есеп 2.3D2.