Heli Vaartio-Rajalin
Мамандырылған мейіргер, геронтологиялық күтім кафедрасының асс. профессоры
Åbo Akademi University денсаулық сақтау ғылымдарының университеті, Финляндия
Кәсіби мейіргерлік күтім мейіргерлік қауымдастықтан тыс талқыланған кезде біз жанашырлық, қамқорлық, қолдау және жеңілдік сияқты ұғымдарды естиміз, кейде ол клиникалық дағдылар мен этика тұжырымдамаларымен үйлеседі. Алайда мейіргерлік ғылым – бұл әлдеқайда көпмағыналы термин.
Мейіргер ісі – бұл жоғары дәрежелі мамандық. Мейігерлер сыни тұрғыдан ойлау және шешім қабылдау дағдыларын пациенттердің/топтардың/қоғамның қажеттіліктерінің субъективті қабылдауымен объективті дәлелдерді біріктіру және денсаулыққа байланысты проблемаларды, функционалдық мүгедектіктің және өмір сапасының төмендеуін алдын алу, емдеу немесе жеңілдету бойынша дәлелді мейіргерлік іс-шараларды жоспарлау үшін пайдаланылады. Бұл күрделі міндеттердің мысалы – мейіргерлік процесс.
Сонымен, заманауи мейіргерлік ғылым басты ұғымдар (адам, қоршаған орта, денсаулық сақтау және мейіргерлік көмек) арасындағы өзара байланысты зерттеуге және мейіргерлік процестің әртүрлі бөліктері үшін модельдер мен араласуларды мұқият жобалауға, енгізуге және бағалауға бағытталған. Олар мейіргерлік практиканы, мейіргерлік білім беруді, мейіргерлік зерттеулерді және кәсіпаралық ынтымақтастықты үздіксіз дамыту үшін аса қажет.
Оставьте комментарий