«The substance and theory development of nursing – caring theories» оқу курсының екінші бөлігі 2021 жылдың 20 қыркүйегіне жоспарланған. Оқу курсы барлығы 10 кредит / 300 академиялық сағаттан тұрады. Оған медициналық жоғары оқу орындарынан мейіргер ісінің оқытушылары, докторанттар қатысады. Дәріс берушілер – үш еуропалық университеттің Финляндияның (Abo Akademi университеті, JAMK қолданбалы ғылымдар университеті және Литваның Литва денсаулық ғылымдары университеті) мейіргерлері мен аға ғылыми қызметкерлері.
Бұл жолы қатысушылардың курстың бірінші бөліміне, өзіндік жұмысына және жұмыс тәжірибесіне негізделген жеке жазбаша тапсырмаларына назар аударылады: мейіргерлік және күтім ғылымының қазіргі теорияларын/модельдерін әр түрлі клиникалық салаларға, көшбасшылыққа/менеджментке, білім мен зерттеулерге қалай қолдануға болатындығы.
Курстың екінші бөліміне барлық қатысушылар ғылыми мақалалар дайындап жатыр, ал үздік жұмыстар Мейіргер ісін жетілдіру орталығының сайтында және « Астана медициналық журналы» журналында жарияланады.