Бүгін Джоанна Бриггс Институтының кешенді жүйелік шолу бағдарламасы аясында онлайн-оқыту курсы басталды.
Курстың практикалық құндылығы – Мейіргер ісі бойынша оқытушылар мен PhD-докторанттарға клиникалық тәжірибеде жеткілікті сенімді дәлелдерге ие болу үшін әр түрлі теорияларға жүйелі шолу жасау дағдыларын үйрету.
Бірінші оқу модулі тыңдаушыларды дәлелді медицинамен таныстыруға бағытталған.
Дәлелді медицинаның жетекші институты болып саналатын Джоанна Бриггс институтына серіктестік үшін алғыс айтамыз!