Құрметті әріптестер!
Сізді 2022 жылдың сәуір және маусым айларында онлайн режимінде өтетін «Мейіргер ісі теориялары және күрделі және ұзақ мерзімді медициналық көмекке қажеттіліктері бар пациенттерді зерттеу» (10 ECTS) атты PhD деңгейіндегі курсқа қатысуға шақырамыз. Курс университеттің мейіргер ісі ғылымының магистранттары мен докторанттарына дәріс беретін және ғылыми зерттеулер жүргізетін профессорлық-оқытушы құрамға арналған. Аталған университеттер қатарына Астана медицина университеті, Қарағанды медицина университеті, Қазақ ұлттық медицина университеті, Назарбаев университетінің Медицина мектебі, Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы, Семей медицина университеті және Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті кіреді. Курсқа магистранттар мен докторанттар да қатыса алады.
Курстың соңында сіз:
• Күрделі және ұзақ мерзімді медициналық көмекке қажеттіліктері бар науқастар контекстінде мейіргер ісі ғылымының келесі негізгі тұжырымдамаларын меңгересіз: аурудың траекториясы, тұлғаға ағытталған күтім, тұлғаға бағытталған көшбасшылық пен нұсқаулықтар, әлеуметтік қамсыздандыру, жеке тұлғаның әлеуметтік шеттенуі, кәсіпаралық күтім, науқастың мүддесін қорғау.
• Медициналық күтім қажеттіліктері бойынша күрделі және ұзақ мерзімді зерттеу жобаларына практикалық күтім теориялары мен пациентке бағытталған шараларды қалай біріктіруді үйренесіз (пациент хабарлаған нәтиже шаралары PROM, Пациент хабарлаған тәжірибе шаралары PREM) .
Курс екі бөлімнен тұрады және аталған екі бөлімге қатысу міндетті болып табылады:
1) Сәуір айында 3 күндік онлайн курс (дәрістер, семинарлар) 26-28.04.2022ж.
2) Маусым айында 2 күндік онлайн семинар (семинар барысындағы презентацияларды қорғау) 8-9.06.2022 ж.
Сертификат: Курстың екі бөліміне де белсенді қатысып, тапсырмаларды уақытында орындасаңыз, Сіз AccelEd жобасының сертификатын аласыз.
Мамандар мен бағдарлама:Курстың сарапшы-мамандары ретінде – үш еуропалық университеттің мейіргер ғалымдары мен аға ғылыми қызметкерлері болып табылады. Толық курс бағдарламасы тіркелгеннен кейін хабарланады.
Курстың тапсырмалары:
• Нұсқаулар мен бағалау критерийлеріне сәйкес дайындалған жазбаша жеке эссе жұмысы. Жұмысты қабылдау мерзімі 20.05.2022 дейін.
• Эссе жұмысын онлайн семинар барысында қорғау (екі күн 8-9 маусым 2022 ж.), сондай-ақ қатысушылардың презентациялары бойынша әріптестік талқылауға белсенді қатысу.
Байланыс тұлғасы және өтетін мекен жайы:Тіркелу 2022 жылдың 25 ақпанына дейін.
Жауапты тұлға: Stina Wallin stina.wallin@abo.fi.
Тіркеу кезінде келесі мәліметтерді көрсетіңіз: аты-жөні, жынысы, жасы, лауазымы (оқытушылар құрамы, әкімшілік қызметкерлер, академиялық емес қызметкерлер, докторант немесе магистрант), ғылыми дәрежесі, университеті, байланыс деректері (электрондық пошта, телефон нөмірі).
Өтетін орны: Екі бөлімнен тұратын онлайн курс.