2023 жылғы 13-24 наурыз аралығында Финляндияның Вааса қаласында Або Академи университеті базасында Erasmus+ AccelEd бағдарламасының “Қазақстанның жоғары білім беру жүйесінде магистратура және PhD докторантура деңгейінде мейіргер ісін жетілдіру” халықаралық жобасы аясында жобаның зерттеушілері: мейіргер ісі мектебінің деканы Байгожина Зауре және мейіргер ісі кафедрасының ассистенті Байтуганова Айжан ғылыми тағылымдамадан өтті.
⠀
Ғылыми тағылымдаманың мақсаты шетелдік ғылымның жаңа теориялық, әдіснамалық жетістіктерін зерделеу, сапалы зерттеулер жүргізуде озық шетелдік тәжірибені игеру.
⠀
“Астана медицина университеті” КеАҚ қызметкерлері тағылымдама бағдарламасына сәйкес Або Академиясында өткізілетін сабақтарға, семинарлар мен докторлық дәрістер мен жобаларға қатысты; мейіргер бойынша академиялық бакалаврларды даярлауды жүзеге асыратын “Novia” қолданбалы ғылымдар университетіне барды; Вааса орталық ауруханасына, пациенттердің қауіпсіздігімен жұмыс және зерттеу орталығын көрді; роботтарды күтім үшін ресурстар ретінде пайдалану мүмкіндігі бойынша “Эксперименттік зертхана” зерттеу жобасымен танысты; “Ғылым теориясы философия және әдістемелер” курсына қатысты, сондай-ақ Або академиясының университеттік кітапханасына, мәліметтер базасына және Moodle-де өткізілетін курстарға үздіксіз қол жеткізді.