Ол әлемнің көптеген елдерінен танымал және жаңадан келген зерттеушілерді біріктірді және практикалық денсаулық сақтаудан ғылыми жұмыстарға назар аударды
⠀
Осындай ауқымды шара аясында алғаш рет медицина ғылымының тең құқылы қатысушысы ретінде «Мейіргер ісі» секциясы ұсынылды
⠀
«Мейіргер ісі саласындағы ғылыми зерттеулердің сапасын арттыру» конференциясы AccelEd жобасының бөлігі болды
⠀
Конференцияға қатысу үшін 46 тезистер мен 23 баяндама таңдалды
⠀
Мейіргерлердің ғылыми әлеуетін нығайту бойынша ұсыныстарды қабылдау мақсатында сегіз (8) Қазақстандық және үш (3) Еуропалық университеттердің өкілдерімен дөңгелек үстел өткізілді
⠀
Байқау комиссиясы өзектілігі, өткізу сапасы және тәжірибе үшін маңыздылығы бойынша 3 үздік баяндаманы анықтады
⠀
Жеңімпаздар:
1. Исенова Балдай, С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің PhD докторанты
2. Ходжакулова Умида, Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының PhD докторанты
3. Мардона Рахматуллаева, Ташкент медицина академиясының PhD докторанты
⠀
Баяндамалар мен талқылаулардың қорытындылары бойынша қаулы қабылданды, оның негізгі пункттері «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша магистратурада қашықтықтан оқыту нысанын қабылдау, диссертацияларды бағалау критерийлерін енгізу туралы өтініш болды. Мейіргер ісі мамандығы бойынша тәуелсіз Ғылыми комитеттер құру.